"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес құрамда "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн;
екi ай мерзiмде үшiншi тәуелсiз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгiзсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 2 мамырдағы
N 347 қаулысына
қосымша
"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы
директорлар кеңесiнiң құрамы
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Дәулет Едiлұлы министрi
Келiмбетов - "Қазына" орнықты дамыту қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару
Сауат Мұхаметбайұлы жөнiндегi қазақстандық холдингi"
акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы,
тәуелсiз директор
Дамитов - тәуелсiз директор
Қадыржан Қабдошұлы
Мирчев - тәуелсiз директор
Александр Васильевич
Ертілесова - Қазақстан Республикасы
Жаннат Жұрғалиқызы Премьер-Министрінің
штаттан тыс кеңесшісі
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.14 N 865 , 2007.02.03. N 80 , 2007.03.26. N 229 , 2007.09.12. N 797 қаулыларымен.