"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 сәуiрдегi N 286 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес құрамда "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн;
екi ай мерзiмде үшiншi тәуелсiз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгiзсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 2 мамырдағы
N 347 қаулысына
қосымша
"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы
директорлар кеңесiнiң құрамы
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Раушанұлы министрi
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Ербол Тұрмаханұлы Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
Келiмбетов - "Қазына" орнықты дамыту қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы
Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару
Сауат Мұхаметбайұлы жөнiндегi қазақстандық холдингi"
акционерлiк қоғамы атқарушы директорының
мiндетiн атқарушы, тәуелсiз директор
Дамитов - тәуелсiз директор
Қадыржан Қабдошұлы