1. "Тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың резервтiк әдiсiн қолдану кезiнде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794
қаулысына
мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "анықтамалық" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Еуропа елдерiнiң аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Superschwacke" каталогы "Eurotaxschwacke GmbH, Германия);
5) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Америка Құрама Штаттарының аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Kelley Blue Book" каталогы (Kelley Blue Book Co, АҚШ)".