Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құрылсын.

      2. "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділiктi арттыру мен ынталандыру мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтарына ие заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару болып белгiленсiн.

      3. Қоса берілiп отырған:
      1) "Қазына" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум;
      2) акцияларының мемлекеттік пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтары "Қазына" АҚ-ға берілетiн заңды тұлғалардың тiзбесi бекiтілсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 100000000 (бiр жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) "Қазына" АҚ-ның жарғысын бекiтудi;
      2) "Қазына" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      3) заңнамалық кесiмдерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтарын "Қазына" АҚ-ға берудi;
      4) "Қазына" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берудi;
      5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-71-жолмен толықтырылсын:
      "21-71. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ";

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-19-жолмен толықтырылсын:
      "237-19. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ".

      8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 15 сәуiрдегi
N 286 қаулысымен   
бекiтілген     

  "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамы қызметiнiң
негiзгi қағидаттары туралы меморандум

1. "Қазына" АҚ-ны құрудың мақсаты

      "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - "Қазына" АҚ) құру мақсаты мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тиiмдi корпоративтiк басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсендiлiктi арттыру және ынталандыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес "Қазына" АҚ-ға мемлекет қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрi - Компаниялар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн) иелену мен пайдалану құқықтары берiлетiн болады.

  2. "Қазына" АҚ қызметiнiң қағидаттары

      "Қазына" АҚ-ның қызметi айқындылық және кешендiлiк қағидаттарына негiзделетiн болады.
      Айқындылық қағидаты менеджерлердiң жауапкершiлiгін, қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын тиiстi бақылауды қамтамасыз ететiн Компанияларды корпоративтiк басқарудың ашық жүйесiн құруды болжамдайды. Осы қағидатты сақтау үшiн мiнсiз iскерлiк беделi бар кәсiби шетелдiк менеджерлердi тарта отырып, тәуелсiз директорлардың институтын белсендi түрде пайдалану қажет.
      Кешендiлiк қағидаты белгiлi бiр операцияларда және/немесе қызмет түрлерiнде Компаниялардың мамандануын қолдаудың әр түрлi көздерi мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттiк секторларының бастамаларын теңгерiмдi қолдау жүзеге асырылатынын бiлдiредi.

  3. "Қазына" АҚ-ның мiндеттерi

      "Қазына" АҚ-ны құру мақсатына қол жеткiзу мынадай негiзгi мiндеттерге негiзделедi:
      Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерiн, мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму саласындағы Мамандандырылған Кеңестiң (бұдан әрi - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негiзiнде стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге Компаниялардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
      ұлттық экономиканы әртараптандыруда Қазақстан Республикасының Үкiметiне жәрдемдесу, Компаниялардың қызметiн үйлестіру негiзiнде экспорт-импорт секторының басымдықтарын пайдалану;
      Компанияларды корпоративтiк басқарудың әлемдiк үздiк тәжiрибесiн енгізу;
      Компаниялар қызметiнiң экономикалық тиiмдiлiгін арттыру, Компаниялардың мамандануы мен олардың арасындағы орынды бәсеке арасындағы теңгерiмдi айқындау;
      Қазақстан Республикасының қор нарығының дамуына жәрдемдесу.
      Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi шешу Компаниялардың тиiсті Директорлар кеңестерiнде акционер мен өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы Компанияларды басқаруда "Қазына" АҚ-ның белсендi түрде қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.

  4. "Қазына" АҚ-ның функциялары

      Компанияларды олардың Директорлар кеңестерi арқылы корпоративтiк басқаруды жүзеге асыру шеңберiнде "Қазына" АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
      Мамандандырылған Кеңестiң ұсынымдары негізiнде Компаниялар үшiн мақсаттар қою;
      қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған Компаниялардың орта мерзiмдi бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерiн бекiту;
      жеке сектордың бастамаларын iске асыруға бөлiнетiн ақша қаражатының тиiмдi пайдаланылуын бақылау;
      Компаниялардың аудитiн ұйымдық қамтамасыз ету;
      Компаниялардың басшыларын iрiктеу және олардың уәждемесi.
      "Қазына" АҚ индустриялық-инновациялық даму, жоғары технологиялық халықаралық жобаларға мемлекеттiң қатысуы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi үшiн ұсынымдар әзiрлейдi.

  5. "Қазына" АҚ-ны басқару мәселелерi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан мемлекет "Қазына" АҚ-ның жалғыз акционерi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң дербес құрамын айқындайды.
      "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнің құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда министрлiктерi басшыларының орынбасарлары, тәуелсiз директорлар, "Қазына" АҚ-ның атқарушы директоры кiредi. "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң төрағасы тәуелсiз директорлар арасынан сайланады.
      "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң құзыретiне мыналар кiредi:
      "Қазына" АҚ қызметiнiң басым бағыттарын айқындау;
      "Қазына" АҚ қызметiнiң мақсаттарын қою;
      "Қазына" АҚ-ның бюджетiн бекiту;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
      "Қазына" АҚ Директорлар кеңесiнiң жанынан комитеттер, оның iшiнде Аудит комитетi құрылуы мүмкiн.
      "Қазына" АҚ-ның қызметiн қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты және өзге де кiрiстер есебiнен жүзеге асырылады.

  6. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазына"
АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар Мамандандырылған кеңес - Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешiмдi және Қызметi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары кiредi. Мамандандырылған кеңес Компанияларды басқару жөнiндегі негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер бойынша ұсынымдар әзiрлеудi орта мерзiмдi негiзде екi жылда бiр рет жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзуге бағалау жүргiзедi.
      Мамандандырылған кеңес өзiнiң қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады және екi жылда кемiнде бiр рет отырыс өткiзедi. Мамандандырылған кеңестiң қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi Мамандандырылған кеңестiң қызметi туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
      Компаниялардың қызметiне мемлекеттiк органдардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негiзделмеген араласуына жол берiлмейдi.

  7. "Қазына" АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара
қарым-қатынастар

      "Қазына" АҚ мен Компаниялардың өзара қарым-қатынастары жоғарыда көрсетiлген оның функцияларымен айқындалады. Бұл ретте "Қазына" АҚ-ның Компаниялар қызметiне әсер етуi Компаниялардың тиiстi Директорлар кеңестерiндегі акционер мен өкiлдiктiң функцияларын жүзеге асыру арқылы корпоративтiк басқару шеңберiнде шектеледi.
      Компаниялардың Директорлар кеңесiнiң құрамына "Қазына" АҚ-ның өкiлдерi, тәуелсiз директорлар кiредi. Компаниялардың Директорлар кеңесiнiң төрағасы "Қазына" АҚ-ның өкiлдерi арасынан сайланады.

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Yкiметiнiң     
                                             2006 жылғы 15 сәуiрдегi
                                                 N 286 қаулысымен   
                                                     бекiтілген

       Акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн (қатысу үлестерiн)
    иелену мен пайдалану құқықтары "Қазына" орнықты даму қоры"
    акционерлiк қоғамына берiлетiн заңды тұлғалардың тiзбесi   

Р/с
N

Атауы

Акция-
лардың
мемле-
кеттiк
пакетi

1.

"Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы 

100%

2.

"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы

100%

3.

"Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамы

100%

4.

"Шағын кәсіпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы

100%

5.

"Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамы

100%

6.

"Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы

100%

7.

"Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

100%