Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкiметi өкiлдерiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 437-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1-тармақта:
      әлеуметтiк серiктестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкiметi өкiлдерiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Мәсiмов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы              Министрiнiң орынбасары, төраға

Палымбетов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы             және бюджеттiк жоспарлау вице-
                               министрi;

      көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі