1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228
қаулысына
мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
032 "Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берiлетiн нысаналы даму трансферттерi 1050000"
бағдарламасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Алматы қаласының N 5 қалалық клиникалық ауруханасының
N 1 корпусын сейсмикалық күшейту 104628
Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық
ауруханасының N 1 және 2 павильондарын сейсмикалық
күшейту 254816
Алматы қаласында Жұбанов көшесiнiң бойындағы
11-үйдегi қалалық перинаталдық орталық ғимаратын
(N 5 және 6 павильондар) сейсмикалық күшейту 151038
Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойындағы
492-үйдегi N 1 перзентхананың N 4 және 5 корпустары
ғимараттарын сейсмикалық күшейту 117506
Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентiндегi
орталық аудандық аурухананы сейсмикалық күшейту 50000".