Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі N 275 Қаулысы

Қолданыстағы

      Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат берудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат берсiн:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне - пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне - қатты пайдалы қазбалар бойынша, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға - жер асты сулары бойынша.
      2. "Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi ақпарат беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қазандағы N 999  қаулысының  күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі