Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат берудi ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейiн есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi жөнiнде ақпарат берсiн:
Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне - пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне - қатты пайдалы қазбалар бойынша, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органға - жер асты сулары бойынша.
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі жөніндегі ақпарат осы қаулыға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.17. N
604
қаулысымен.
2. "Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi ақпарат беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 қазандағы N 999
қаулысының
күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 17»шілдедегі
N 604 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.17. N 604 қаулысымен.
Пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттік теңгерімі
жөнінде ақпарат беру нысаны
р/
|
Пайдалы
|
Құрам-
|
Орташа
|
Теңгерім-
|
Теңге-
|
Өсу/
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |