Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 сәуірдегі N 272 Қаулысы

Жаңартылған

      2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі  Жарғысының  13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан
Республикасының Индустрия және сауда министрі Ғалым Ізбасарұлы
Оразбақов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
      2) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Қайрат Нематұлы Келімбетов Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N  432  қаулысымен.

      2. Ресей Федерациясының Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы лауазымына белгіленген тәртіппен сайлау үшін Игорь Валентинович Финогеновті тағайындау туралы ұсынысына келісім берілсін.

      3. Осы қаулы Еуразия даму банкін құру туралы келісім күшіне енген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі