2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі Жарғысының 13 және 14-баптарын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев Еуразия даму банкінің Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.29. N
432
, 2008.02.01.
N 85
Қаулыларымен.