"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 257 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қосымшаға сәйкес құрамда "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Самұрық" холдингi" АҚ) Директорлар кеңесiн сайлауды қамтамасыз етсiн;
      2) бiр ай мерзiмде "Самұрық" холдингi" АҚ-ның тәуелсiз директоры лауазымына екiншi кандидатура бойынша ұсыныс енгiзсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                           2006 жылғы 7 сәуiрдегi
                                               N 257 қаулысына
                                                    қосымша

    "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi
       қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының
                Директорлар кеңесiнiң құрамы

Ричард Эванс            - тәуелсiз директор, төраға
 
   Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы       минералдық ресурстар министрі

Бозымбаев               - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы       жөніндегі қазақстандық холдингі"
                          акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                          (келісім бойынша)
 
Павлов                  - "Самұрық" мемлекеттiк активтердi
Александр Сергеевич       басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi"
                          акционерлiк қоғамының тәуелсiз директоры
                          (келiсiмi бойынша)
 
       Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.30
N 603 , 2006.10.20 N 1013 , 2006.12.06 N 1178 , 2007.03.27 N 233 ,
2007.09.24 N 829 , 2008.03.28 N 298 Қаулыларымен.