Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 сәуiрдегi N 257 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 желтоқсандағы N 1178 Қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы N 1048 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 7 сәуiрдегi N 257 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамы Директорлар кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн:
      Супрун Виктор Васильевич - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      көрсетiлген құрамнан Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы, Елемесов Асқар Раушанұлы шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі