Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң  36-бабының  5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 99  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 55-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 4 сәуiрдегі
N 237 қаулысымен  
бекiтiлген    

  Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi
қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялаудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      су берушi - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзудi жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      су пайдаланушы - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн қызметi суармалы жерлердi игерумен байланысты жеке немесе заңды тұлға.

      3. Субсидиялар осы қызметтердi жүзеге асыратын су берушiлерге суару үшiн су беру жөнiндегi шығындарын iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.

      4. Әрбiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн субсидиялардың сомасы заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негiзiнде бекiтiледi.

      5. Субсидиялар су берушiлерге олар үшiн белгiленген су пайдалану лимитi шегiнде субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.

      6. Берілген судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста су беру әдістерін және су пайдаланушылардың:
      1) суды үнемдеп пайдалануды қамтамасыз ететін суарудың озық
технологияларын (тамшылап суару, жабық желілермен суару);
      2) гидромелиоративтік жүйелерді қазіргі заманға лайық басқару әдістерін (ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативтері (бұдан әрі - АСТК), гидромелиоративтік кондоминиумдар);
      3) суды есепке алудың аттестатталған құралдарын енгізу шарттарын ескере отырып, саралап белгілейді.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N  506  (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру су берушi мен су пайдаланушы арасындағы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

  2. Субсидиялар төлеудiң тәртiбi және су пайдаланушыларға су
жеткiзу жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялаудың шарттары

      8. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiндегi қызметтердi алу үшiн су пайдаланушылар ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде су берушiге мынадай құжаттарды ұсынады: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес су тұтынуға өтiнiм;
      жер пайдалану құқығына актiнiң, жер пайдалануға шарттың көшiрмесi, немесе аудандық әкiмдiктiң жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiнiң көшiрмесi (нотариалды куәландырылған көшiрмелер).
      Сондай-ақ қажет болған кезде:
      ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған құрылыстардың, жабдықтар мен құрылғылардың белгіленген тәртіппен тіркелген техникалық паспорттарының көшірмелері (нотариалды куәландырылған);
      осы су пайдаланушы мүшесі болып табылатын АСТК Жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      суды есепке алудың аттестатталған құралдарының болуы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N  506  (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Су берушi жыл сайын 1 маусымға дейiн осы Ереженiң 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес су пайдаланушылармен субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiнде алдағы суару маусымына арналған шарт жасасады. Егер су пайдаланушылар вегетацияаралық (дымқылдату және суғару) суаруларды жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстар басталғанға дейiн жасалуға тиiс.

      10. Су берушi су пайдаланушыларға су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн:
      1) бiр ай мерзiмде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органымен келiсiм бойынша субсидиялауды ескере отырып, берiлетiн су көлемiн, көрсетiлген қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган субсидиялауды ескере отырып бекiткен су беру жөнiндегi қызметтерге тарифтi көрсете отырып, тарифтер бойынша суару үшiн су алатын су пайдаланушылардың тиiстi жылға арналған тiзбесiн бередi;
      2) ай сайын су пайдаланушылар бөлiнiсiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмiмен алдын ала келiсiлген, субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн мыналармен:
      үш данада жасалған (су берушi, су пайдаланушы және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) үшiн) су беру жөнiндегi қызметтердiң актiлерiмен;
      су пайдаланушылармен бiрге салыстырып тексерiлген су беру жөнiндегi ақысы төленген қызметтердiң нөмiрi мен күнi қойылған төлем құжаттарымен қоса, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) бередi;
      3) субсидия мөлшерiн Ауылшарминi бекiткеннен кейiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға көрсетiлетiн қызметтерге тарифтi бекiтуге өтiнiм жасайды.

      11. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы):
      алған күнiнен бастап он күн мерзiмде субсидиялауды ескере отырып, берiлетiн су көлемiн, көрсетiлген қызметтер үшiн ақы мен табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялауды ескере отырып тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша суару үшiн су алатын су пайдаланушылардың тiзбесiн бекiтедi;
      су пайдаланушылар бөлiнiсiнде су берушiлер берген субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес көрсетiлген қызметтердi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi;
      субсидиялардың тиесiлi сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
      ай сайын тиiстi есептi жылдан кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменттерi (басқармалары) Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша Ауылшарминiне бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есеп бередi.

      12. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су берушi мен су пайдаланушының ұсынылатын шартының субсидияларды ескере отырып тариф бойынша суару үшiн су алатын су пайдаланушылар тiзбесiнiң, қызметтер көрсетудiң ай сайынғы актiлерiнiң үлгi нысандарын бекiтедi.

      13. Ауылшарминi өз құзыретi шегiнде қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына жауапты болады.

                                            Ауыл шаруашылығы тауарын
                                              өндiрушiлерге су беру
                                             жөнiндегi қызметтердiң
                                                 құнын субсидиялау
                                                ережесiне 1 қосымша

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N  506  (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       20__жылғы ______________ кезеңде _____________________
        субсидияланған тарифтер бойынша суару үшін су
                  пайдалануға арналған өтінім

      1. Су пайдаланушы ________________________________________
                           (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

       2 Суарылатын жердің болуы _______________________________га
      оның ішінде пайдалану көзделіп отырған ___________________га

Р/с
N

Көздің атауы
(өзен, бұлақ,
суару жүйесі,
таратушы, су
бөлу)

Себіле-
тін
дақыл

Егіс
алаңы,
га

Суару
нормасы,
м 3 /га

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      3. Су тұтыну көлемі, барлығы ________________________ мың м 3 ,
      оның ішінде вегетациялық кезең _______________________ мың м 3 ;
      вегетацияаралық кезең ___________________________ мың м 3

      Су пайдаланушы:
      ________________________
       агроқұраманың басшысы
      ____________________      ____
       өтінім берілген күн

                                          Ауыл шаруашылығы тауарын
                                           өндiрушiлерге су беру
                                           жөнiндегi қызметтердiң
                                             құнын субсидиялау
                                            ережесiне 2-қосымша

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.18. N  506  (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

                                                "БЕКIТЕМIН"
                                     Облыстық (республикалық маңызы
                                     бар қалалардың, астананың) ауыл
                                         шаруашылығы департаментi
                                                (басқармасы)
                                        __________________________
                                        "____"_____________ 2006 ж.

           Суару үшін су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің
                     жиынтық тізілімі
  _____________________________ 20 жылғы ___________________.
      (су берішінің атауы)                      (айы)

Р/с
N

Су пайдаланушылар-
дың атауы

Берілген су, мың м 3

Бекітіл-
ген та-
риф,
1000 м 3
үшін
теңге

Суару мау-
сымының
басынан
бері

Оның
ішінде
есепті
айда

1

2

3

4

5

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

кестенің жалғасы

Көрсетілген қызмет-
тердің құны, теңге

Субсидиялар мөлшері
(тарифтік сметаларда
ескерілген шығындар-
дың %-ы), теңге

Суару мау-
сымының
басынан
бері тө-
ленген
субсидия,
теңге

Төлену-
ге
тиіс,
теңге

Суару мау-
сымының
басынан
бері

Оның ішін-
де есепті
айда

Суару мау-
сымының
басынан
бері

Оның ішін-
де есепті
айда

6

7

8

9

10

11

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

Су беруші ____________________________            Келісілген:
______________________________________        Аудандық (облыстық
Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар            маңызы бар қаланың)
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,        ауыл шаруашылығы
астананың) ауыл шаруашылығы департаменті                бөлімі
(басқармасы) бекіткен су пайдаланушылар            _________________
тізбесіндегі ретпен келтіріледі                    20_жылғы "__"____