Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiнiң 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 55-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2006 жылғы 4 сәуiрдегі
N 237 қаулысымен
бекiтiлген
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
су берушi - ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су жеткiзудi жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
су пайдаланушы - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшiн қызметi суармалы жерлердi игерумен байланысты жеке немесе заңды тұлға.
3. Субсидиялар осы қызметтердi жүзеге асыратын су берушiлерге суару үшiн су беру жөнiндегi шығындарын iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
4. Әрбiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн субсидиялардың сомасы заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негiзiнде бекiтiледi.
5. Субсидиялар су берушiлерге олар үшiн белгiленген су пайдалану лимитi шегiнде субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.
6. Берiлген судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн субсидиялар мөлшерiн Ауылшарминi табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге тарифтiк сметаларда ескерiлген шығындарға пайыздық ара қатынаста өңiрлiк жағдайларды ескере отырып, саралап белгiлейдi.
7. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру су берушi мен су пайдаланушы арасындағы шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялар төлеудiң тәртiбi және су пайдаланушыларға су
жеткiзу жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялаудың шарттары
8. Субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiндегi қызметтердi алу үшiн су пайдаланушылар ағымдағы жылдың 25 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде су берушiге мынадай құжаттарды ұсынады: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес су тұтынуға өтiнiм;
жер пайдалану құқығына актiнiң, жер пайдалануға шарттың көшiрмесi, немесе аудандық әкiмдiктiң жер учаскесiн бөлу туралы шешiмiнiң көшiрмесi (нотариалды куәландырылған көшiрмелер).
9. Су берушi жыл сайын 1 маусымға дейiн осы Ереженiң 5, 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес су пайдаланушылармен субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiнде алдағы суару маусымына арналған шарт жасасады. Егер су пайдаланушылар вегетацияаралық (дымқылдату және суғару) суаруларды жүзеге асырса, онда шарт осы жұмыстар басталғанға дейiн жасалуға тиiс.
10. Су берушi су пайдаланушыларға су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн:
1) бiр ай мерзiмде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органымен келiсiм бойынша субсидиялауды ескере отырып, берiлетiн су көлемiн, көрсетiлген қызметтерге ақыны және табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган субсидиялауды ескере отырып бекiткен су беру жөнiндегi қызметтерге тарифтi көрсете отырып, тарифтер бойынша суару үшiн су алатын су пайдаланушылардың тиiстi жылға арналған тiзбесiн бередi;
2) ай сайын су пайдаланушылар бөлiнiсiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлiмiмен алдын ала келiсiлген, субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн мыналармен:
үш данада жасалған (су берушi, су пайдаланушы және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) үшiн) су беру жөнiндегi қызметтердiң актiлерiмен;
су пайдаланушылармен бiрге салыстырып тексерiлген су беру жөнiндегi ақысы төленген қызметтердiң нөмiрi мен күнi қойылған төлем құжаттарымен қоса, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) бередi;
3) субсидия мөлшерiн Ауылшарминi бекiткеннен кейiн табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға көрсетiлетiн қызметтерге тарифтi бекiтуге өтiнiм жасайды.
11. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы):
алған күнiнен бастап он күн мерзiмде субсидиялауды ескере отырып, берiлетiн су көлемiн, көрсетiлген қызметтер үшiн ақы мен табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялауды ескере отырып тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша суару үшiн су алатын су пайдаланушылардың тiзбесiн бекiтедi;
су пайдаланушылар бөлiнiсiнде су берушiлер берген субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес көрсетiлген қызметтердi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi;
субсидиялардың тиесiлi сомаларын есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
ай сайын тиiстi есептi жылдан кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы департаменттерi (басқармалары) Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша Ауылшарминiне бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есеп бередi.
12. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су берушi мен су пайдаланушының ұсынылатын шартының субсидияларды ескере отырып тариф бойынша суару үшiн су алатын су пайдаланушылар тiзбесiнiң, қызметтер көрсетудiң ай сайынғы актiлерiнiң үлгi нысандарын бекiтедi.
13. Ауылшарминi өз құзыретi шегiнде қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуына жауапты болады.
Ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлерге су беру
жөнiндегi қызметтердiң
құнын субсидиялау
ережесiне 1 қосымша
2006 жылғы _________________________________ мерзiмде
субсидияланған тарифтер бойынша суару үшiн су пайдалануға
ӨТIНIМ
1. Су пайдаланушы_____________________________________________
(жеке немесе заңды тұлғаның атауы)
2. Суарылатын жердiң болуы__________________________________га
оның iшiнде пайдалану көзделiп отырған______________________га
Р/с
|
Көздiң атауы (өзен,
|
Себiлетiн
|
Егiс
|
Суармалау
|
|
|
|
|
|
4. Су тұтыну көлемi, барлығы______________________ мың.текше метр;
оның iшiнде вегетациялық кезең_________________ мың.текше метр;
вегетацияаралық кезең__________________________ мың.текше метр.
Су пайдаланушы:
_____________________________
агроқұраманың басшысы
_____________________________
өтiнiм берiлген күнi
Ауыл шаруашылығы тауарын
өндiрушiлерге су беру
жөнiндегi қызметтердiң
құнын субсидиялау
ережесiне 2-қосымша
"БЕКIТЕМIН"
Облыстық (республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың) ауыл
шаруашылығы департаментi
(басқармасы)
__________________________
"____"_____________ 2006 ж.
Суару үшiн су беру жөнiнде нақты көрсетiлген
қызметтердiң жиынтық тiзiлiмi
___________________________________ ______________2006 ж.
(су берушiнiң атауы) (ай)
Р/с
|
Су пайдаланушы-
|
Берiлген су, мың
|
Бекiтiлген тариф
|
|
Суару
|
Оның
|
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенің жалғасы
Көрсетілген
|
Субсидиялар мөлшері
|
Суару
|
Төленуге
|
||
Суару
|
Оның
|
Суару
|
Оның
|
||
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Су берушi
________________________
Келiсілген:
Ескерту: 2-бағанда су пайдаланушылар Ауданның (облыстық маңызы
облыстық ауыл шаруашылығы (республикалық бар қаланың) ауыл
маңызы бар қаланың, астананың) шаруашылығы бөлiмi
департаментi (басқармасы) бекiткен су _________________________
пайдаланушылар тiзбесiндегiдей "___" ____________2006 ж.
ретпен келтiріледi