2006 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 220 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысымен  бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiнiң 441-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 2006 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз алушылардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 30 наурыздағы
N 220 қаулысымен  
бекiтiлген    

2006 жылға арналған республикалық бюджетте өтеу мен
оларға қызмет көрсету көзделген мемлекеттiк кепiлдiктермен
қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша қарыз
алушылардың тiзбесi

      1. "Рахат" қазақ-австрия бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы
      2. "Пеноконцентрат" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      3. "Өнеркәсiппластмасса" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      4. "Фирма Катализ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық атқару жүйесi комитетiнiң "Еңбек-Алмас" және "Еңбек-Гранит" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi)
      6. "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" бiрлескен кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi
      7. "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы
      8. "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы
      9. "Байланыс-Құрылысшы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
      10. "Окан-Қазинтер" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы
      11. "Замангер" шағын жеке кәсiпорны