Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 376 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы N 215 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 376  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 17, 177-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      тақырыбындағы және 1-тармақтағы "табиғи монополия" деген сөздер "табиғи монополиялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекiтуге берiлген өтiнiмдердi қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзу ережесiнде:
      тақырыбындағы, 2, 3-тармақтардағы және 4-тармақтың 2) тармақшасындағы "табиғи монополия субъектiлерiнiң", "табиғи монополия субъектiлерi" деген сөздер тиiсiнше "табиғи монополиялар субъектiлерiнiң", "табиғи монополиялар субъектiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта:
      "10" деген сандар "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ресми бұқаралық ақпарат құралдарында" деген сөздер "мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:
      1) тармақшада:
      "он бес" деген сөздер "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "түпкiлiктi" деген сөз алынып тасталсын;
      2) тармақшада:
      "жетi" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "түпкiлiктi" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-2-тармақпен толықтырылсын:
      "8-2. Табиғи монополия субъектiсi жария тыңдауларды өткiзу күнi туралы ақпарат жарияланғаннан кейiн жария тыңдауларға қатысушылардың талабы бойынша:
      реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтiк сметалардың, тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң жобаларын;
      экономикалық жағынан негiзделген есептемелерi бар реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн арттыру себептерi туралы ақпаратты ұсынады.";

      13-1-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi