Қазақстан Республикасының "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы және "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесi;
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының түрлерiне және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салуға 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтерi;
3) сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына 2006 жылға арналған субсидиялар нормативтерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 30 наурыздағы
N 214 қаулысымен
бекiтiлген
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты
пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттiк бағдарламасының 100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге трансферттер түрiнде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде бiрегей тұқым өндiрушiлердiң (бұдан әрi - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрi - элиттұқымшарлар) өсiмдiк шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқым шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ мақта саласын дамытуды қолдауға арналған қаражатты пайдалану (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбiн айқындайды.
2. Ауылшарминi облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударуды төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес жүргiзедi.
3. Субсидиялар:
1) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге;
2) жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызуға және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге кететiн шығындарды толық өтеуге;
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға;
4) 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған элиталық тұқым шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салықтық қарыздарын (бұдан әрi - кейiнге шегерiлген салықтық қарыз) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуге;
5) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң мақта талшығының сапасына сараптама жасауға жұмсаған шығындарын өтеуге арналады.
4. Осы Ереженiң 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының бiрегей тұқымының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң нақты өндiрiлген көлемi үшiн төленедi.
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiру шығындарын iшiнара өтеудi субсидиялау Ауылшарминi элиталық тұқымдар мен жемiс дақылдарының көшеттерiн алу үшiн оларды өндiрудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бiрегей тұқымның және көбейту жылдары бойынша жемiс дақылдары көшеттерiнiң әрбiр түрiне әрбiр оригинатор үшiн белгiлеген квоталар шегiнде жүзеге асырылады.
6. Осы Ереженiң 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi нақты орындалған iс-шаралар үшiн төленедi.
7. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi iс-шараларды субсидиялау Ауылшарминi белгiлеген шығыстар сметасы шегiнде жүзеге асырылады.
Әрбiр оригинатор үшiн жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн отырғызу және жемiс дақылдарының аласа дiндi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету алаңын Ауылшарминi көп жылдық екпелер алаңына келетiн телiтушiлерге деген қажеттiлiгiнiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес белгiлейдi.
8. Осы Ереженiң 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi тұқымның әрбiр түрi бойынша әр облыс үшiн белгiлеген квоталар шегiнде нақты сатылған көлемi үшiн төленедi.
Белгiленген квоталар көлемдерiн орындау барысын және бюджет қаражатын игерудiң уақтылығын бақылау үшiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы) Ауылшарминiне тиiстi жылғы 5 шiлдеден кешiктiрмей бiрiншi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы ақпарат бередi.
Аттестатталған тұқым өндiрушiлер ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын өндiру және элиталық тұқымдарын сату квоталарының белгiленген көлемдерiн орындамаған жағдайда квоталарды қайта бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен бекiтiлетiн Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi үшiн субсидиялауға жататын бiрегей тұқымдарды өндiрудiң және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгiлеу ережесiне сәйкес белгiленген талаптарға сәйкес Ауылшарминi жүзеге асырады.
Әрбiр элиттұқымшар үшiн элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квотаны облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия белгiлейдi және ол облыстың жергiлiктi атқарушы органының бұйрығымен бекiтiледi.
Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негiзделген қажеттiлiк нормаларына сәйкес егiстiк алқабына жүргiзiледi.
9. Элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi белгiлеген шектi бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
10. Осы Ереженiң 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар осы Ереженiң 16-тармағына сәйкес айқындалған қызметтердi берушiге мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi сатып алушыға нақты көрсеткен қызметтерi үшiн төленедi.
2. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын, жемiс
дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара
өтеуге және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салуға және аласа дiңдi телiтушiлердiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
11. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге субсидиялар алу үшiн:
1) оригинаторлар тиiстi жылғы 10 қарашаға дейiнгi мерзiмде облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды:
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң оригинатор нақты өндiрген көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актiлерiн;
ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi бiрегей тұқымдарының егiстiгiн сынақтан өткiзу актiлерiн;
егiстiктердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi;
заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы анықтаманы бередi;
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексередi, оригинатор нақты өндiрген бiрегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және тиiстi жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде белгiленген субсидия нормативтерiнiң негiзiнде оригинаторларға төленуi тиiс қаражаттың көлемiн айқындайды.
Төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесiлi сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдары мен жемiс дақылдарының көшеттерi үшiн субсидиялар төлеуге арналған ведомостi және ақы төлеу шоттарын бередi;
3) оригинатор нақты өндiрген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, республика бойынша нақты өндiрiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актiлерiнiң, тексерiлген тұқымдардың саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхана анықтамасының нысандарын Ауылшарминi белгiлейдi.
12. Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салуға және аласа дiңдi телiтушiлердiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсетуге кеткен шығындарды толық өтеу үшiн:
1) оригинаторлар облыстың жергiлiктi атқарушы органына отырғызу материалын, тыңайтқыштар, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, суармалы суды жеткiзуге қызметтердi сатып алуға арналған шарттардың, сондай-ақ жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың бiр данасын бередi;
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органы он күн iшiнде жасалған шарттардың және жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлерiнiң салынған аналығының аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексередi және төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесiлi сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына субсидиялар төлеуге арналған ведомостi және ақы төлеу шоттарын бередi.
Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көп жылдық екпелерiн салу және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салудың аяқталмаған өндiрiсiне қызмет көрсету жөнiнде келтiрiлген шығындар нәтижелерi бойынша оригинатор келесi ай iшiнде облыстың жергiлiктi атқарушы органына келтiрiлген шығындар бойынша төлем фактiсiн растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған
элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналған
субсидияларды пайдалану тәртiбi
13. Арзандатылған құн бойынша сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымына субсидиялар алу үшiн:
1) элиттұқымшарлар ай сайын айдың 1-күнiне ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органына (бұдан әрi - ауданның жергiлiктi атқарушы органы) сатылған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат бередi;
2) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды сату фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 20 маусымға дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 10 қарашаға дейiн ауданның жергiлiктi атқарушы органына:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
элиталық тұқымдарды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (көбейту питомниктерi, суперэлита және элита егiстерiн сынақтан өткiзу актiлерi мен сынақтан өткiзу туралы есептi, ал көбейту питомниктерiнiң тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшiрмесiн);
тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын ;
сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады:
бiрiншiсi - элиттұқымшар үшiн, екiншiсi - сатып алушы үшiн, үшiншiсi - ауданның жергiлiктi атқарушы органы үшiн, төртiншiсi - облыстың жергiлiктi атқарушы органы үшiн;
3) ауданның жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы ауданның жергiлiктi атқарушы органында сақтауға қалдырылады;
4) ауданның жергiлiктi атқарушы органы мынадай мерзiмде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 1 шiлдеге дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 20 қарашаға дейiн облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмдi;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
элиталық тұқымды мақсатты пайдалану туралы актіні;
тексерiлген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттiк стандарттар талаптарына сәйкестiгi туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертхананың анықтамасын бередi;
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
он бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiндегi жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi;
облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiнде бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, онда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымының көлемi мен белгiленген субсидиялар нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн анықтайды;
әрбiр элиттұқымшарға белгiленген квоталар шегiнде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi жасайды.
Төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органы тиесiлi субсидияларды элиттұқымшарлардың есепшоттарына аударады. Ай сайын 25-күнiне қарай, бiрақ тиiстi жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей облыстың жергiлiктi атқарушы органы Ауылшарминiне тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеу үшiн жиынтық ведомостердiң көшiрмелерiн, көрсетiлген бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi бередi.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына облыстың жергiлiктi атқарушы органы мынадай құжаттарды:
осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi;
ақы төлеуге арналған шоттарды бередi;
6) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды мақсатты пайдалану актiсiнiң, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi жиынтық актiнiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.
4. 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған элиталық тұқым
шаруашылықтарының 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
өтелмеген салықтық қарыздарын республикалық және жергiлiктi
бюджеттерге өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
14. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге элиттұқымшарлардың кейiнге шегерiлген салықтық қарыздарын өтеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органы осы Ереже жарияланғаннан кейiн бiр ай iшiнде 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн өз мәртебесiн жоғалтпаған элиттұқымшарлардың тiзбесiн бекiтедi. Бекiтiлген элиттұқымшарлардың тiзбесi облыстардың салық комитеттерiне ұсынылады;
2) элиттұқымшарлар және көрсетiлген субъектiлердiң тiркелiмдiк есеп орны бойынша тиiстi салық органдары он бес күн iшiнде бюджеттер, салық түрлерi және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде кейiнге шегерiлген салықтық қарыздарды салыстырып тексеру актiлерiн жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының элиттұқымшарлармен жүргiзген салыстырып тексеру актiлерiнiң тiзiлiмiн бекiтедi;
3) облыстардың салық комитеттерi облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесе отырып, бюджеттер, салық түрлерi және басқа да бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде кейiнге шегерiлген салықтық қарыздардың сомасын көрсету арқылы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық салыстырып тексеру актiсiн жасайды және оған қол қояды;
4) облыстардың салық комитеттерi облыстың жергiлiктi атқарушы органына ақы төлеуге арналған шотты толтыру үшiн элиттұқымшарлардың және көрсетiлген субъектiлердiң тiркелiмдiк есеп орны бойынша тиiстi салық органдарының қажеттi деректемелерiн бередi;
5) облыстың жергiлiктi атқарушы органы жетi күн iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына салыстырып тексеру актiсiнiң және элиттұқымшарлардың кейiнге шегерiлген салықтық қарыздарын өтеуге арналған төлем шоттарының бiр данасын бередi.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын 25-күнiне қарай, бiрақ тиiстi жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей Ауылшарминiне көрсетiлген бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi ұсынады.
5. Мақта талшығының сапасына сараптама жасауға арналған
шығындарды өтеуге арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
15. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызмет бiрлiгiне бөлiнген субсидиялар көлемi мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызмет бiрлiгi құнының 100%-ына дейiнгi мөлшерде, бюджеттiк бағдарлама паспортында айқындалған көлемде белгiленедi. Бөлiнетiн субсидиялар пайызы тиiстi жылдағы мақтаның жалпы жиынына байланысты белгiленедi.
16. Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негiзде Ауылшарминi айқындаған, сапаның халықаралық стандарттарына (практикасына) сәйкес Қазақстанда өндiрiлетiн мақта талшығының сапасын бағалау жөнiндегi қызметтердi көрсету үшiн тәжiрибесi және қажеттi бiлiктiлiгi бар халықаралық компания мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi берушi болып табылады.
17. Қазақстан Республикасының аумағында өсiрiлген мақтаның иелерi - отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi қызметтердi сатып алушылар болып табылады.
18. Ауылшарминi қызметтердi берушiнi айқындау қорытындылары бойынша қызметтердi берушi, қызметтердi сатып алушы және облыстың жергiлiктi атқарушы органы арасында Ауылшарминi бекiткен үлгi нысан бойынша мақта талшығының сапасын бағалау жөнiндегi қызметтердi көрсету туралы үш жақты шарт жасалады.
19. Қызметтердi берушi қызметтердi сатып алушыға қызметтердi берушiнi айқындау жөнiндегi конкурс процесiнде Ауылшарминi айқындаған баға бойынша қызмет көрсетедi.
20. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтер бойынша қызметтердi берушi Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды.
21. Қызметтердi берушi субсидия алу үшiн ай сайын есептiк айдан кейiнгi айдың 15-күнiне облыстың жергiлiктi атқарушы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
мақта талшығының сапасына сараптама жасау жөнiндегi көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн;
мақта талшығының сапасын растайтын құжаттардың көшiрмелерiн.
22. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы субсидияны алу үшiн қызметтердi берушi ұсынған құжаттарды он күн мерзiмде тексередi және бекiтiлген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидияларды белгiленген тәртiппен қызметтердi берушiнiң шотына аударады.
23. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы үш күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына қызметтердi берушiге субсидиялар төлеу үшiн Ауылшарминi бекiткен нысан бойынша ведомостi және ақы төлеу шотын бередi.
24. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы ай сайын 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей, Ауылшарминiне бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру туралы есептi ұсынады.
6. Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бөлiнген қаражатты
пайдалануды мемлекеттiк бақылау
25. Ауылшарминiнiң тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады.
26. Субсидияларды пайдаланудың негiздiлiгiн растайтын құжаттардың шынайылығы үшiн облыстың жергiлiктi атқарушы органы жауаптылықта болады.
27. Ауылшарминi және облыстың жергiлiктi атқарушы органы бюджет қаражатының мақсатта және тиiмдi пайдаланылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
N 214 қаулысымен
бекітілген
Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс дақылдарының
аласа діңді телітушілер аналығын салуға 2006 жылға
арналған субсидиялар нормативтері
№N |
Өнімнің түрі, іс-шаралар |
Бірегей |
Бір тоннаға |
1 |
2 |
3 |
4 |
Көбейту питомниктері мен аналық нысандар |
|||
1 |
Жүгері мен күріштен |
40 |
37696 |
2 |
Жүгері |
40 |
227328 |
3 |
Күріш |
40 |
52096 |
4 |
Қытайбұршақ |
40 |
110592 |
5 |
Күнбағыс |
40 |
281600 |
6 |
Басқа майлы дақылдар |
40 |
110592 |
7 |
Картоп |
40 |
84864 |
8 |
Көп жылдық шөптер: |
|
|
9 |
Бір жылдық шөптер |
40 |
38912 |
10 |
Қант қызылшасы |
40 |
1442959 |
11 |
Мақта |
40 |
144896 |
12 |
Көшеттер |
40 |
80 |
13 |
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін салу |
100 |
904182,4 |
14 |
Жеміс дақылдарының аласа |
100 |
769158,2 |
Суперэлита |
|||
1 |
Жүгері мен күріштен |
40 |
8246 |
2 |
Жүгері |
40 |
49728 |
3 |
Күріш |
40 |
11024 |
4 |
Күнбағыс |
40 |
61600 |
5 |
Қытайбұршақ |
40 |
24192 |
6 |
Басқа майлы дақылдар |
40 |
24192 |
7 |
Картоп |
40 |
18564 |
8 |
Көпжылдық шөптер: |
|
|
9 |
Біржылдық шөптер |
40 |
8512 |
10 |
Қант қызылшасы |
40 |
314664 |
11 |
Көкөніс |
40 |
600000 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
N 214 қаулысымен
бекітілген
Сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық
тұқымының 1 тоннасына 2006 жылға арналған субсидиялар
нормативтері
№N |
Өнімнің түрі |
Элиталық |
Сатылған |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жұмсақ бидай |
40 |
13200 |
2 |
Қатты бидай |
40 |
14200 |
3 |
Қара бидай |
40 |
13200 |
4 |
Арпа |
40 |
12500 |
5 |
Сыра дайындауға арналған арпа |
40 |
13500 |
6 |
Сұлы |
40 |
12500 |
7 |
Тары |
40 |
13000 |
8 |
Қарақұмық |
40 |
15800 |
9 |
Жүгері: |
|
|
10 |
Күріш |
40 |
18560 |
11 |
Асбұршақ |
40 |
15000 |
12 |
Ноқат |
40 |
16000 |
13 |
Қытайбұршақ |
40 |
18000 |
14 |
Басқа дәнді бұршақты |
40 |
12000 |
15 |
Күнбағыс: |
|
|
16 |
Рапс |
40 |
74480 |
17 |
Басқа майлы дақылдар |
40 |
39360 |
18 |
Картоп |
40 |
30200 |
19 |
Көкөніс |
40 |
400000 |
20 |
Көпжылдық шөптер: |
|
|
21 |
Біржылдық шөптер |
40 |
13880 |
22 |
Қант қызылшасы |
40 |
767880 |
23 |
Мақта, бірінші |
40 |
32185 |
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға арналған қаражатты
пайдалану ережесіне 1-қосымша
Бекітемін
_________________________ облысы
ауыл шаруашылығы департаментінің
(басқармасының) бастығы
______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы "__"______________
200__жылғы» "__"______________- "__"______________ кезеңінде
өндірілген бірегей тұқымдар үшін
субсидиялар төлеуге арналған
ВЕДОМОСТЬ
Аудан |
Бірегей |
Дақыл |
Өсім- |
Бірегей |
Өндірілген бірегей тұқымдарды |
||
тонна |
сома- |
жыл |
200_ж. |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Өндірілген |
Жыл |
Жыл |
Тиесілі |
200__ж. |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
_____________________________________ облысының
ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
(Т.А.Ә., қолы)
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға арналған қаражатты
пайдалану ережесіне 2-қосымша
Бекітемін
__________________________облысы
ауыл шаруашылығы департаментінің
(басқармасының) бастығы
______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы "__"______________
200__жылғы»"__"_________- "__"__________ кезеңінде
тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар төлеудің
жиынтық ведомосі
Аудан |
Элиттұ- |
Да- |
Са- |
Элиталық |
Квота шегінде |
||
тонна |
сомасы, |
жыл |
200__ ж. |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиыны: |
кестенің жалғасы
Сатылған |
Жыл |
Жыл |
Тиесілі |
200__ж.______ |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
_____________________________________ облысының
ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
(Т.А.Ә., қолы)
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға арналған қаражатты
пайдалану ережесіне 3-қосымша
Бекітемін
Аумақтық салық органының басшысы
_______________________________
_______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөр)
200__жылғы "__"______________
Республикалық және жергілікті бюджеттерге кейінге
шегерілген салықтық қарыздарды өтеу бойынша есептесулерге
қатысушы салық органдары мен элиталық тұқым
шаруашылықтарының салыстырып тексеру актілерінің тізілімі
теңге
Бюджет |
Салық |
Салық |
Салыс- |
Өтеуге жататын болжалды сома |
|||
республикалық бюджеттен түсетін салықтар бойынша |
|||||||
бар- |
нег. |
өсім- |
айып- |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Өтеуге жататын болжалды сома |
|||||||
жергілікті бюджеттен |
Барлығы |
||||||
бар- |
нег. |
өсім- |
айып- |
бар- |
нег. |
өсім- |
айып- |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Сомасы жазумен__________теңге, оның ішінде:
республикалық бюджетке______теңге,_______бюджетке_____теңге,________
_____________теңге
Аумақтық салық органының тиісті
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ______________ __________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О.
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға арналған қаражатты
пайдалану ережесіне 4-қосымша
Салыстырып тексерудің жиынтық актісі
200__ж.«"__"__________ жағдай бойынша республикалық және
жергілікті бюджеттерге кейінге шегерілген салықтық
қарыздарды өтеу бойынша
Салық комитеті мен_______________________________________________
(республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы)
теңге
Бюджет |
Салық |
Салық |
Өтеуге жататын болжалды сома |
|||
республикалық бюджеттен түсетін салықтар |
||||||
бар- |
нег. |
өсім- |
айып- |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Өтеуге жататын болжалды сома |
|||||||
жергілікті бюджеттен түсетін салықтар бойынша |
Барлығы |
||||||
бар- |
нег. |
өсім- |
айып- |
бар- |
нег. |
өсім- |
айып- |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Жиыны: Республикалық бюджеттен қарыздарды өтеуге жататын
болжалды сома___________________________теңге
Салыстырып тексеру актісін жасаған күн: 200__ж."__"_________
Облыс салық комитетінің басшысы Ауыл шаруашылығы департаментінің
басшысы
_______________________________ ________________________________
(Т.А.Ә. және қолы) (Т.А.Ә. және қолы)
М.О. М.О.