Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 24 ақпандағы № 111 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6139 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 4-2/1048 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2011.03.29 N 34/297 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 Қаулысымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" Ережесінің 2 тармағының негізінде Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және тұрғын үй сатып алу үшін алты жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
      2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 7 қыркүйектегі XVIII сессиясының "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға көтермелі жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы" N 18/161 шешімінің (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-61, "Жаңаарқа" газетінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 47 (9341) санында жарияланған) күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
      XXII-ші сессиясының төрағасы               Ш. Жалғабеков

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы                З. Сердалинов
      2010 жыл 24 ақпан