Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 наурыздағы N 200 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1355  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерiнiң техникалық тапсырмаларын және техника-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі