1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы 1228
қаулысына
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
032 "Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
"032 Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы
қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн
сейсмикалық жағынан күшейту үшiн берiлетiн
нысаналы даму трансферттерi 1050000
оның iшiнде инвестициялық жобаларға:
Алматы қаласының N 1 қалалық клиникалық
ауруханасының N 4 павильонын сейсмикалық
жағынан күшейту 232959
Алматы қаласының қалалық перинатальдық орталығының
N 7 корпусын сейсмикалық жағынан күшейту 139053".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2006 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының облыстық бюджетiне және Алматы қаласының бюджетiне денсаулық сақтау объектiлерiн сейсмикалық жағынан күшейту үшiн көзделген 677988 мың теңге сомасындағы нысаналы даму трансферттерiн бөлу бөлiгiне тиiстi өзгерiс енгiзсiн.