Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы N 165 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 445 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.06.2022 № 445 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiліп отырған дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрiнiң


мiндетiн атқарушы



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 наурыздағы
N 165 қаулысымен
бекiтiлген

Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен
қамтамасыз ету нормативтерi

      Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.02
      № 1436қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2014 N 392 қаулысымен.

Р/с

Болу мемлекеті

Бір адамға тұрғын үй алаңының шекті нормасы (шаршы метр)

1

2

3

1

Австрия Республикасы

30-ға дейін

2

Египет Араб Республикасы

35-ке дейін

3

Әзірбайжан Республикасы

30-ға дейін

4

Венгрия Республикасы

30-ға дейін

5

Ұлы Социалистік Халықтық Ливия Араб Жамахириясы

35-ке дейін

6

Израиль Мемлекеті

40-қа дейін

7

Катар Мемлекеті

35-ке дейін

8

Палестина Мемлекеті

40-қа дейін

9

Грек Республикасы

30-ға дейін

10

Иордан Хашимит Корольдігі

35-ке дейін

11

Ауғанстан Ислам Республикасы

35-ке дейін

12

Иран Ислам Республикасы

40-қа дейін

13

Пәкістан Ислам Республикасы

40-қа дейін

14

Италия Республикасы

30-ға дейін

15

Канада

30-ға дейін

16

Қытай Халық Республикасы

40-қа дейін

17

Бельгия Корольдігі

30-ға дейін

18

Испания Корольдігі

30-ға дейін

19

Нидерланд Корольдігі

30-ға дейін

20

Норвегия Корольдігі

30-ға дейін

21

Сауд Арабиясы Корольдігі

35-ке дейін

22

Таиланд Корольдігі

40-қа дейін

23

Қырғыз Республикасы

30-ға дейін

24

Литва Республикасы

30-ға дейін

25

Ливан Республикасы

35-ке дейін

26

Моңғол Республикасы

35-ке дейін

27

Біріккен Араб Әмірліктері

35-ке дейін

28

Армения Республикасы

30-ға дейін

29

Беларусь Республикасы

30-ға дейін

30

Болгария Республикасы

30-ға дейін

31

Грузия Республикасы

30-ға дейін

32

Үндістан Республикасы

35-ке дейін

33

Индонезия Республикасы

35-ке дейін

34

Корея Республикасы

40-қа дейін

35

Куба Республикасы

30-ға дейін

36

Латвия Республикасы

30-ға дейін

37

Молдова Республикасы

30-ға дейін

38

Польша Республикасы

30-ға дейін

39

Сингапур Республикасы

35-ке дейін

40

Тәжікстан Республикасы

30-ға дейін

41

Өзбекстан Республикасы

35-ке дейін

42

Хорватия Республикасы

30-ға дейін

43

Ресей Федерациясы

30-ға дейін

44

Румыния

30-ға дейін

45

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

30-ға дейін

46

Словак Республикасы

30-ға дейін

47

Америка Құрама Штаттары

30-ға дейін

48

Оман Сұлтанаты

35-ке дейін

49

Түркия Республикасы

35-ке дейін

50

Түрікменстан

30-ға дейін

51

Украина

30-ға дейін

52

Бразилия Федеративтік Республикасы

30-ға дейін

53

Германия Федеративтік Республикасы

30-ға дейін

54

Малайзия Федерациясы

35-ке дейін

55

Финляндия Республикасы

30-ға дейін

56

Француз Республикасы

30-ға дейін

57

Чех Республикасы

30-ға дейін

58

Швейцария Конфедерациясы

30-ға дейін

59

Эстон Республикасы

30-ға дейін

60

Жапония

35-ке дейін

61

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

35-ке дейін

62

Кувейт Мемлекеті

35-ке дейін

63

Швеция Корольдігі

40-қа дейін

64

Мексика Құрама Штаттары

40-қа дейін

65

Вьетнам Социалистік Республикасы

40-қа дейін

66

Оңтүстік Африка Республикасы

40-қа дейін

      Ескертпе:

      Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз етудің осы нормативтері Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілеріне, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналы баратын мемлекеттердің дипломатиялық кешендерінде орналастырылған жағдайда қолданылмайды.