Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 445 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 29 маусымдағы
№ 445 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 наурыздағы № 165 қаулысы.

      2. "Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 165 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1436 қаулысы.

      3. "Дипломатиялық қызмет персоналын шет елдерде тұрғын үймен қамтамасыз ету нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 392 қаулысы.