"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссия құрылсын:
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бақтықожа Салахатдинұлы минералдық ресурстар министрi, төраға
Өжкенов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Болат Сұлтанұлы минералдық ресурстар министрлiгi Геология
және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
төрағасы, төрағаның орынбасары
Қонақаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Саяхат Алпысұлы минералдық ресурстар министрлiгi Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментiнiң директоры,
төрағаның орынбасары
Алдашев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Рүстем Ағыбайұлы минералдық ресурстар министрлiгiнiң Жер
қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментi жер қойнауын
пайдалану құқығын беру басқармасының
бастығы, хатшы
Шыналиев - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және
инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары
Әбдiреев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Батырбек Сейтенұлы сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және
ғылыми-техникалық дамыту комитетi
төрағасының орынбасары
Тiлеулесов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Биғали Жақсылықұлы министрлiгiнiң Салық комитетi
N 1 өңiраралық салық комитетiнiң төрағасы
Омарова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақытжамал Жәкенқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Салық
саясаты және болжамдар департаментi жер
қойнауын пайдаланушыларға салық салу
басқармасының бастығы
Сейтiмбетов - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Дәулетияр Сахидоллаұлы Заңға тәуелдi кесiмдер департаментiнiң
заңға тәуелдi кесiмдердi сараптау
басқармасының бастығы
Ноғаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Нұрлан Асқарұлы минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай
өнеркәсiбi департаментiнiң директоры
Таутеев - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Әуесбек Зпашұлы қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу
департаментiнiң директоры
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.09.25. N 907 қаулысымен.
Жергiлiктi атқарушы
органның өкiлi
(объектiнiң аумақтық
тиесiлiлiгiне қарай
шақырылады).
2. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткiзу жөнiндегi комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 19 тамыздағы N 849 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі