Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 29 шiлдедегi N 789 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 144 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 29 шiлдедегi N 789  қаулысына  мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Смайылов                      - Қазақстан Республикасының
Әлихан Асханұлы                 Қаржы вице-министрi

Құсайынов                     - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы                Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                                вице-министрi;

      мына:
"Iзмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасының
Бақтықожа Салахатдинұлы         Энергетика және минералдық ресурстар
                                бiрiншi вице-министрi, төрағаның
                                орынбасары"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Iзмұхамбетов                 - Қазақстан Республикасының
Бақтықожа Салахатдинұлы         Энергетика және минералдық ресурстар
                                министрi, төраға";

      көрсетiлген құрамнан Школьник Владимир Сергеевич, Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы, Айтекенов Қайрат Меңдiбайұлы, Өзбеков Ғани Нұрмұхамедұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі