1. "Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 52-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiнде және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi "
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
" және 2004 жылғы 9 шiлдедегi "
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
" Заңдарына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурсты (бұдан әрi - Конкурс) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Ереженiң қолданылуы мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға таралмайды.";
11-тармақтың 2) тармақшасында:
екiншi және үшiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"заңды тұлғалар үшiн - жарғының, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
жеке тұлғалар үшiн - кәсiпкерлiк қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың, жеке куәлiктiң немесе паспорттың және салық төлеушi куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;";
алтыншы абзац алынып тасталсын;
жетiншi абзацтағы "салық органының анықтамасын" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"бұрын балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бекiтiлiп берiлген жеке және заңды тұлғалар үшiн - өткен жылы балық өсiмiн молайту және балық қорғау iс-шараларына қаржы салғандығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
бұрын балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бекiтiлiп берiлген және балық және басқа да су жануарларын аулауға квоталар бөлiнген жеке және заңды тұлғалар үшiн - өткен жылы балық және басқа да су жануарларын аулауға бөлiнген квоталардың игерiлгендiгi туралы уәкiлеттi органның аумақтық органының анықтамасын;
ЕО елдерiне балық өнiмдерiн экспорттауға арналған есептiк нөмiрiнiң (ХАССП, ИСО 9000 енгiзу) (балық өнiмдерiн экспорттаушылар үшiн) бар екенiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн";
18-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеңiмпаздарды анықтау кезiнде шарттар тең болған жағдайда мынадай заңды және жеке тұлғалар басымдыққа ие болады:
ғылыми және өсiмдi молайту мақсаттарына қосқан үлесi Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес ең көп;
өтiнiм берiлген су тоғандары (учаскелерi) бұрын бекiтiлiп берiлген;
қызметiнiң негiзi балық аулау және онымен байланысты өндiрiс болып табылатын, жергiлiктi жағалауға жақын аудандардағы.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бiр ғана үмiткердiң болуы) осы балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бойынша конкурс өткiзiлмедi деп жарияланады. Осы балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) бойынша қайтадан конкурс өткiзген кезде конкурсқа қатысқан жалғыз қатысушы, егер ол конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талаптарды сақтаған болса, жеңiмпаз болып танылады.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
"22-1. Жалған ақпаратты ұсыну фактiлерiнiң, сондай-ақ Балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес мiндеттемелердi орындамау немесе толық орындамау жағдайларының анықталуы балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шартты бұзу, сондай-ақ пайдаланушыларға балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру туралы облыстық атқарушы орган шешiмiнiң күшiн жою үшiн негiздеме болып табылады.";
23-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) өтiнiм берушiнiң басшысы бекiткен және уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық органымен келiсiлген жұмыстардың тiзбесi мен көлемiн, оларды орындау мерзiмiн және қаржыландыру көздерiн көрсете отырып, уәкiлеттi орган белгiлеген үлгi нысан бойынша жасалған Балық шаруашылығын дамыту жоспарының болуы;";
5) тармақша алынып тасталсын;
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiне және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына 2-қосымшада:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай балық шаруашылығы су тоғандары (учаскелерi) табиғат пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлсiн (балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзiмi қоса берiлiп отыр).".