"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы N 471 Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1514 Жарлығына сәйкес келтiру және мемлекеттiк органдардың функцияларын қайталауға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесiнде:
18-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетiне құндылықты жiберген жiберушiге" деген сөздер "уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-1-тармақта "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздер "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 537-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасының жиырма бірінші абзацы алынып тасталсын.