Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 10 Нормативтік қаулысы

Қолданыстағы

      Соттардың бала асырап алу туралы істерді қарау кезінде заңнаманы біркелкі қолдануы мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының "Соттардың бала асырап алу туралы iстердi қарау кезiнде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбiр мәселелерi туралы" 2000 жылғы 22 желтоқсандағы N 17  қаулысына  мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

      1) тақырыптағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-тармақта "ол азаматы болып табылатын мемлекеттің" деген сөздерден кейін "не осы тұлға тұрақты тұратын мемлекеттің" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 6-тармақ мына мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы үшін 2001 жылғы 30 қаңтарда күшіне енген, шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын  Конвенцияға  (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) қатысушы-мемлекеттер арасындағы қатынастарда құжаттарды заңдастыру талап етілмейтіндігін назарда ұстаған жөн.
      Осы Конвенцияның 3, 5-баптарының талаптарына сәйкес, ресми құжаттарды дипломатиялық немесе консулдық заңдастырудың орнына Конвенцияға қатысушы-мемлекеттерде лауазымды тұлғалардың құжаттардағы қолдарының, мөрлердің немесе мөртаңбалардың түпнұсқа  екендігін растау үшін осы құжат жасалған мемлекеттің құзыретті органы апостиль қояды.";

      4) мына мазмұндағы 6-1, 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Шетелдіктің баламен тікелей жақын араласуының Заңның  76-бабының  3-тармағында көзделген екі апталық мерзім, ол баланы асырап алу туралы сотқа арыз бермей тұрып сақталуы қажет.
      Шетелдіктің баланы асырап алу туралы осы мерзім өткенге дейін берген арызы АІЖК  155-бабының  бірінші бөлігіне сәйкес қозғалыссыз қалдырылуға жатады, ал арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарымда көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда талапкерге қайтарылады.
      6-2. Егер шетелдік агенттік берген апостиль қойылған құжаттың қолданылу мерзімі шектеулі болса, осы мерзім құжатты сотқа ұсынған сәтте өтсе, онда мұндай құжатты жол берілетін дәлелдеме ретінде танымау туралы мәселені шешу қажет.";

      5) 13-тармақ мына мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Асырап алушы болу құқығын растайтын құжаттарды тексеру кезінде тұлғаның соттылығының болуы не болмауы фактісін баланы асырап алуға тілек білдірген тұлға тұратын елдің тек құзыретті органы растауы қажет екендігін соттардың назарда ұстағандары жөн.
      Балаларды асырап алуға тілек білдірген тұлғалар ұсынған құжаттардың аударылуының дұрыстығын растау үшін соттар қажетті жағдайда тиісті мамандарды іске қатысуға тартулары тиіс.";

      6) 19-тармақ "Ерекше" сөзінің алдынан "Баланың мүддесін тікелей қозғайтын" деген сөздермен толықтырылып, "Ерекше" сөзі кіші әріппен жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-бабына  сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданылатын құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

       Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысының
      міндетін атқарушы