Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
Мемлекеттiк органдарды және олардың қарамағындағы мекемелердi ұстауға арналған шығындар жоспарланатын нормалар мен нормативтердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесiлiлiк табелiнде:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Жедел |
Қоршаған ортаны қорғау |
Аумақтық қоршаған ортаны |
|
";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген арнайы су көлiгiнiң тиесiлiлiк табелі:
мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Арнайы |
Каспий теңiзi |
Аумақтық қоршаған ортаны |
|
|
|
".
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |