Мемлекеттiк органдарды және олардың қарамағындағы мекемелердi ұстауға арналған шығындар жоспарланатын нормалар мен нормативтердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 ақпандағы N 288
қаулысына
мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиесiлiлiк табелiнде:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Жедел |
Қоршаған ортаны қорғау
|
Аумақтық қоршаған ортаны
|
11
|
";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген арнайы су көлiгiнiң тиесiлiлiк табелі:
мынадай мазмұндағы бөлiммен және жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
Арнайы |
Каспий теңiзi
|
Аумақтық қоршаған ортаны
|
|
|
|
".