Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың көлемi:
мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерiнде;
мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк тұқым ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы