"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың көлемi:
мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерiнде;
мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк тұқым ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде бекiтiлсiн.