Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 25 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнің         
2006 жылғы 6 қаңтардағы   
N 25 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрлерi 45, 46, 47-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 104-1-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 109-23-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 461-5-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 466-5-жол алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 230-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы "Оқжетпес" санаторийi Көкшетау облысы, Бурабай поселкесi" деген жол алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Оқжетпес" санаторийi" АҚ".

      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк yлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен yлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Ақмола облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-9-жолмен толықтырылсын:
      "13-9 "Оқжетпес" санаторийi АҚ";
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын:
      "21-67 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" ЖШС
      21-68 "Өрт сөндiрушi" АҚ
      21-69 "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" ЖШС";
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-101-жолмен толықтырылсын:
      "123-101 "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 165-11-жолмен толықтырылсын:
      "165-11 "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
      "Солтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 280-4-жолмен толықтырылсын:
      "280-4 "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ".

      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк yлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-4-жолмен толықтырылсын:
      "20-4 "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" ЖШС";
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын:
      "217-9 АЛА-005430 "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" АҚ";
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-9-жолмен толықтырылсын:
      "238-9 "Оқжетпес" санаторий" АҚ";
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 266-5-жолмен толықтырылсын:
      "266-6 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" ЖШС";
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын:
      "279-2 "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ
      279-3 "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ 
      279-4 "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
      мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiне"
      296 "Өрт сөндiрушi" АҚ".

      5. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1105  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 38, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмдегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1119  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 531-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" акционерлiк қоғамы".

      7. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қазандағы N 1132  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 43, 540-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      мына:
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында);
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында);
      "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы;
      "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы;
      "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы".