Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының""Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 1 нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 3 нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 3 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      21-тармақтың үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

      "Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы,

      жалпы отырыс хатшысы