Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының»"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 1 нормативтік қаулысы

Қолданыстағы

      "Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың ара-жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы  қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18  нормативтік қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:

      21-тармақтың үшінші абзацы мына редакцияда жазылсын:
      "Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының қаулысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және оның орынбасарларының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-бабына  сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы