Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегi Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) "Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 665
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 342-құжат):
1-тармақта:
"2005 жылғы 1 шiлде-31 желтоқсан" деген сөздер "2005 жылғы 1 шiлде-2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын;
"отын мен вакуумдық газойлды" деген сөздер "отынды" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 19 тамыздағы N 850
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 32, 444-құжат):
1-тармақтағы "2005 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Бензин әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 11 қазандағы N 1015
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 37, 522-құжат):
1-тармақтағы "2005 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2006 жылғы 7 ақпан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулыны орындау жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының аумағынан вакуумдық газойлды әкетуге тыйым салынғаны туралы және Қазақстан Республикасының аумағынан дизель, авиациялық отынды және бензиндi әкетуге тыйым салу мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабардар етсiн.