Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1286 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.03.20. N 225 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
      4-1-тарауда:
      56-6-тармақтың 1) тармақшасында:
      бесінші абзац "техникалық қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дауыс беруге арналған мүкәммалды сатып алу және дайындау" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына шығыс материалдарын сатып алу;
      теледидарда әлеуметтану сұраунама, сондай-ақ саяси пікірталастар өткізу;
      сайлауды ұйымдастыру және еткізу жөнінде оқу мен семинарлар өткізу;
      бейне және дыбыс роликтерді, оқу фильмдерін дайындау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі