Ескерту. Қаулының тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану аумақтарының тізбесі;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18
N 1068
Қаулысымен.
2. Аса маңызды объектілерді өрттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызметі оны ұстауға көзделіп бекітілген штат санының лимиті мен қаражаты шегінде қорғайды деп белгіленсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18
N 1068
Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тізбенің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын қоныстану
аумақтарының тізбесі
Осы Тізбемен елді мекеннің мыналарды орналастыруға бөлінген қоныстану аумағының бөлігі айқындалады:
Тұрғын үй ғимараттары.
2. Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар
1. Білім беру, тәрбиелеу және кадрлар даярлауға арналған ғимараттар:
жалпы үлгідегі, мамандандырылған, сауықтыру және бастауыш мектеппен біріктірілген мектепке дейінгі балалар мекемелері;
жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер мен мектеп-интернаттар, мектепаралық оқу-өндіріс комбинаттары;
жұмысшы кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған кәсіптік-техникалық училищелер мен оқу орындары;
орта арнайы оқу орындары;
жоғары оқу орындары;
мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға арналған оқу орындары;
мектептен тыс мекемелер.
2. Ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдар мен басқармаларға арналған ғимараттар:
ғылыми-зерттеу институттарына арналған ғимараттар (ірі арнайы құрылыстарды қоспағанда);
жобалау және конструкторлық ұйымдардың ғимараттары;
ақпарат орталықтарының ғимараттары;
басқару органдарына арналған ғимараттар;
қоғамдық ұйымдарға арналған ғимараттар;
кредит беру, сақтандыру және коммерциялық мақсаттарға арналған ғимараттар;
мұрағаттарға арналған ғимараттар.
3. Денсаулық сақтау және дем алуға арналған ғимараттар мен құрылыстар:
стационары бар емдеу, перзентханалар, амбулаториялық-
емханалық, дәріханалар, сүт тағамдары ас үйі, бальнео және балшықпен емдеу орындары;
санаторийлар, санаторийлар-профилакторийлар;
демалыс және туризм мекемелері.
4. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары мен
құрылыстары:
ашық спорт-дене шынықтыру құрылыстары;
ғимараттар мен жабық құрылыстар;
дене шынықтыру-спорт және сауықтыру кешендері.
5. Мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерінің ғимараттары:
кітапханалар;
мұражайлар мен көрмелер;
клубтық ғимараттар (клубтар, мәдениет үйлері мен сарайлары, бос уақыт өткізуге арналған орталықтар және т.б.);
ойын-сауық ғимараттары (театрлар, концерттік залдар, кинотеатрлар, цирктер және т.б.).
6. Сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар:
бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған ғимараттар;
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына арналған ғимараттар (өнеркәсіптік кәсіпорындардың қосалқы ғимараттары мен үй-жайларына жататын қоғамдық тамақтандыру ғимараттары мен үй-жайларын қоспағанда);
халыққа тікелей қызмет көрсетуге арналған (өндірістік емес сипаттағы) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары.
7. Халыққа тікелей қызмет көрсететін көлікке арналған ғимараттар:
көліктің барлық түрлерінің вокзалдары;
жолаушыларға қызмет көрсету кеңселері мен көлік агенттіктері, кассалық павильондары.
8. Коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндірістік, қойма және көлік ғимараттары мен құрылыстарынан басқа):
азаматтық ғұрыптарға арналған ғимараттар, жерлеу бюролары;
тұрғын үй-пайдалану;
қонақ үй кәсіпорындарының, мотелдер мен кемпингтердің ғимараттары;
қоғамдық дәретханалар;
моншалар мен монша-сауықтыру кешендері.
9. Әртүрлі мақсаттағы үй-жайларды қамтитын көп функциялы ғимараттар мен кешендер.
"Міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қыркүйектегі
N 781
қаулысымен
бекітілген міндетті түрде өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесіне енгізілмеген объектілер.
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 қарашадағы
N 1050
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
N 1251 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Тізбенің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.
Мемлекеттік
өртке қарсы қызмет өрттен қорғайтын
мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілердің
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциялары.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік ғимараты.
3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының және
Мәжілісінің әкімшілік ғимараттары.
4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік ғимараты.
6. Орталық мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары.
7. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты.
9. Орталық Мемлекеттік мұрағаттың ғимараты.
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің әкімшілік ғимараты.