Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы N 1192 Қаулысы

Жаңартылған

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1.  алынып тасталды
       Ескерту. 1-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N  125  (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:
      "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тараудың 1-тармағында:
      8) тармақшаның "Лицензияланатын қызмет түрлері" бағанында ", тотализаторлар, казинолар" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) Ойын бизнесі саласындағы қызмет                  10".

      3. "Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы N 1432  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 39, 501-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдері бұрын қабылданған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің            
2005 жылғы 2 желтоқсандағы   
N 1192 қаулысымен бекітілген  

  Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын біліктілік талаптары

       Ескерту. Талаптар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.02.19. N  125  (2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.