"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 1175 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  17-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Бейнеу" кедені" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 43, 541-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
      20-тармақ алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі