"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 1149 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
      Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Әсет Өрентайұлы Исекешевті;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Қайрат Медібайұлы Әйтекеновті;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Ғани Нұрмұханбетұлы Өзбековті;
      Даму Банкінің президенті - Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаевты қайта сайлау ұсынылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі