Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы N 1134 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2011 14 шілдедегі № 797 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.07.14 № 797 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы теңiзшiсінің паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесi бекiтiлсiн.

      2. "Теңiзшi паспорты туралы ереженi бекiту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 1 қыркүйектегi N 977  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 37, 401-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметінің          
2005 жылғы 18 қарашадағы  
N 1134 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесi

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы теңiзшiсінiң паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы теңiзшісінің паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртiбiн реттейдi.

      2. Теңiзшi паспортын уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшесi болып табылатын порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - тiркеушi орган) ресiмдейдi және бередi.

      3. Теңізші паспорты Қазақстан Республикасының мынадай азаматтарына беріледi:
      1) шетелге жүзетiн қазақстандық кемелерде жұмыс iстейтiн;
      2) шетел туын көтеріп жүзетiн кемелерде жұмыс iстейтiн;
      3) кеме экипажы құрамына енгізiлген оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) кеме келген және кеткен кезде экипаж саны мен құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын кеме құжатындағы (бұдан әрi - кеме ролi) жазбамен расталады.

  2. Теңізші паспортын ресiмдеу және беру

      4. Теңiзші паспортын ресiмдеу және беру үшiн құжаттарды мыналар ұсынады:
      1) Қазақстан туын көтеріп жүзетiн кемелердi өз атынан пайдаланатын және олардың кеме иелерi болып табылатындығына немесе оларды өзге де заңды негiзде пайдаланатынына қарамастан, кеменің капитаны мен экипажын тағайындауға құқығы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген қазақстандық кеме иеленушілер;
      2) шетелдiк кеме иесi;
      3) теңізші болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары.

      5. Теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн қазақстандық және шетелдiк кеме иелерi, сондай-ақ теңiзшi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары тiркеушi органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтiнiш;
      теңізші паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтiнiштi берген күнге паспорты ресiмделiп жатқан Қазақстан Республикасының азаматы әскери қызметке шақырылмағанын растайтын тұрғылықты жерi бойынша қорғаныс iстерi жөнiндегi органдардың анықтамасы немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызметтi өткергендiгi туралы белгісi бар әскери билет;
      теңiзшілердің кәсіптiк даярлығының деңгей мен денсаулығы жағдайының теңiз кемелерi экипажының мүшелерi үшiн заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын теңiз дипломдары мен куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      қазақстандық кеме иесiнiң осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізшi паспортын беруге арналған ұсынысы;
      теңізші паспортының иесi мен шетелдiк кеме иесiнiң арасындағы жеке еңбек шартымен бiрге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк кеме иесінің ұсынысы.

      6. Теңізші паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтініш машинкада басылған түрде немесе баспа әрiптерiмен қолмен толтырылған үш данада ұсынылады.

      7. Теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн құжаттар азаматтың жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде қабылданады.

      8. Кеме иесi шетел туын көтеріп жүзетiн кемеде жұмыс iстеу үшiн iссапарға жiберiлетiн тұлғаға теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн оны iссапарға жiберу туралы бұйрықтың көшiрмесi қосымша ұсынылады.

      9. Теңiзшi болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшi бойынша теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізші паспортын беру туралы өтiнiш, шетел кемесiнде жұмыс iстеген жағдайда жеке еңбек шарты ұсынылады.

      10. Теңiз оқу орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған курсанттарына (оқушыларына) теңiзшi паспортын ресiмдеу олардың Қазақстан Республикасынан шығуына ата-аналарының (асырап алушыларының, қорғаншылары мен қамқоршыларының) нотариалды куәландырылған келiсiмi болғанда жүргiзiледi.
      16 жасқа толмаған курсанттарға (оқушыларға) теңiзшi паспортын ресiмдеу тууы туралы куәлiгiн ұсынған кезде жүргiзіледі.

      11. Теңізші паспортын ресімдеу мерзiмi оны ресiмдеу үшiн тiркеуші орган тиiстi құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.

      12. Теңізші паспортын ресiмдеу осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған үй-жайда жүргiзіледi.
      Теңiзшi паспортын түзетулермен немесе бояумен беруге тыйым салынады. Тiркеушi органдар ұсынылған құжаттардың дұрыстығына күмәнданған кезде қосымша тексерулер жүргізуi мүмкiн, олар 30 (отыз) күнтiзбелік күннен аспауы тиiс.

      13. Теңiзшi паспорты иесiне осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізші паспорттарын беру журналына қол қойғызып тапсырылады.

      14. Теңiзшi паспорты бес жылға дейiнгi мерзiмге беріледi. Оның қолданылуы бiр рет үш жылға дейінгі мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, ол өткеннен кейiн паспорт ауыстыруға жатады.

      15. Паспорттың қолданылу мерзiмiн ұзартуды тiркеушi орган осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесiнің ұсынысы немесе осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспорт иесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi.
      Паспорттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы жазба лауазымды тұлғаның қолымен және тiркеушi органның елтаңбалық мөрiмен куәландырылады.

      16. Теңiзшi паспортының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн паспорт иесi осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес сауалнама-өтініш бередi, ол теңiзшi паспортын ұзартуды келiсу үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына жiберіледi.
      Теңiзшi паспорты иесiнiң Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн заңды негiздеме анықталған жағдайда теңiзшi паспортының қолданылу мерзімін ұзарту жүргiзiлмейдi.
      Қазақстан Республикасынан шығу құқығын шектеудің болуы мен мерзiмi туралы ақпарат осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтауға қабылданған теңiзшi паспорттарын есепке алу журналына және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспорттарын беру келiсiмдерiн есепке алу журналына енгізіледi.

      17. Қызметi шет елдерге жүзетiн кемелермен шығуға арналған кезеңдiк (жоспардан тыс, кенеттен болатын) iссапарларға байланысты қазақстандық кеме иеленушi және кеме жөндеу ұйымдарының қызметкерлерiне теңiзшi паспортын қолда сақтауға рұқсат берілуi мүмкiн.

      18. Теңiзшi паспортын оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ауыстыруды оның иесiнiң жазбаша өтiнiшi (ауыстыру себебi көрсетіліп, еркiн нысанда жасалады) бойынша осы паспортты берген тiркеуші орган жүргiзедi, оған осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспортын беру туралы өтiнiш қоса беріледi.

      19. Жекелеген жағдайларда, кемеде жұмыс iстейтiн теңiзшi объективтi себептермен пайдалануға жарамсыз немесе жоғалған паспорттың орнына осы паспортты берген тiркеушi органда теңiзшi паспортын ресiмдеуге мүмкiндiгi болмаса, ол оны басқа жақын жердегi тiркеушi органда ресiмдейдi.
      Бұл үшiн теңізші өтiнiш жасаған тiркеушi орган теңiзшi паспортының жоғалғандығы туралы осы паспортты берген-тiркеушi органға осы адамға теңiзшi паспортының берiлгендiгiн растау және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарымен паспорт берудi келiсу нөмiрлерiн хабарлау өтiнiшiмен ақпарат бередi. Жаңа теңiзшi паспортын беру сұрау салынған ақпаратты алғаннан және растағаннан кейiн жүргiзiледi.

      20. Жаңа теңiзшi паспортын ресiмдеудi тiркеушi орган бұрын берiлген паспортты алып қойғаннан не бұрын берiлген паспортты оның жоғалуы салдарынан жарамсыз деп бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн жүзеге асырады.

  3. Теңізші паспортын берудi ұлттық қауiпсiздiк
және iшкi iстер органдарымен келiсу

      21. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн негiздемелердiң болмауын анықтау мақсатында тiркеушi орган Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарымен теңiзшi паспортын берудi, оның мерзiмiн ұзартуды немесе айырбастауды келiсудi жүргiзедi.

      22. Теңiзшi паспортын берудi келiсудi Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдары төменде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес күн ішінде жүргiзедi.
      Осы мақсатта тiркеушi орган көрсетілген органдарға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтiніштің тiркелген данасын бiр-бiрден жiбередi.

      23. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн негіздемелер болмаған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдары келiсу туралы белгiсi бар сауалнама-өтінішті немесе оған уәкілетті басшылардың бiрi қол қойған теңізші паспортын берудің келiсiлгенi туралы жазбаша хабарламаны тiркеушi органға жiбередi.

      24. Оған қатысты теңiзшi паспортын берудi келiсу жүргізілiп жатқан адамда заңнамалық кесiмдерде көзделген оның Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн негiздеме анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдары тiркеушi органға шектеу үшiн негiздемені, шектеу мерзiмін, шектеу туралы шешімнiң күнiн және тiркеу нөмiрiн көрсетiп, жазбаша хабарлама жiбередi.
      Бұл жағдайда теңізші паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтініш тiркеушi органға қайтарылмайды.

      25. Келiсуге жiберiлетiн сауалнама-өтiніштердi тiркеу осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізші паспорттарын берудi келiсулердi есепке алу журналында жүргiзiледi. Осы журналға келiсу нәтижелерi жазылады.

  4. Теңізші паспортына паспорт иесiнiң кемедегі қызмет жағдайы туралы жазба енгiзу және кеме ролiн ресiмдеу тәртiбi

      26. Теңiзшi паспортының иесiне, ол кеме роліне енгiзiлген кемемен Қазақстан Республикасынан шығуға және Қазақстан Республикасына кiруге, сондай-ақ шетелде орналасқан кемеге бару кезiнде Қазақстан Республикасынан шығуға және осындай кемеден жеке тәртiппен немесе топ құрамында көлiктiң кез келген түрiмен тиiстi үлгiде ресiмделген кеме ролi (кеме ролiнен үзiндi көшiрмелер) болған кезде Қазақстан Республикасына кiруге рұқсат етіледi.

      27. Шетелге жүзетін кемедегi теңізші паспорты иесінің қызметтiк жағдайы туралы теңiзшi паспортына жазбаны осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кеме иелерінiң ұсынуы бойынша тiркеушi орган жүргiзедi.
      Рейс кезеңінде (кеме теңiзде, шетел портында немесе порт капитаны жоқ портта, порт-пунктте болған кезде) шетелге жүзетiн кемедегi теңізші паспорты иесiнiң қызметтiк жағдай туралы теңізші паспортына жазбаны кеме иесінiң жазбаша өкiмi болған кезде кеме капитаны жасайды. Кеме қазақстан портына кiретiн кезде осы жазба порт капитанының қолымен және мөрiмен расталады.

      28. Тiркеушi орган шетел туын көтерiп жүзетiн кемелерде жұмыс iстеу үшiн жалданған Қазақстан Республикасы азаматтарының теңiзшi паспорттарына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк кеме иелерінің ұсыныстары бойынша немесе осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердi өз бетiнше тапқан азаматтардың жазбаша өтiніштерi бойынша, олар шетелдiк кеме иелерiмен еңбек шарттарын (келiсiм-шарттарды) ұсынған кезде жазба жүргiзедi.

      29. Кеме ролін (кеме ролінен үзiндi көшiрменi) мыналар куәландырады:
      қазақстандық кеме шетелдiк рейске шыққан кезде - осы кеме иелігіне жататын қазақстандық кеме иесi немесе кеме шығатын порттың порт капитаны;
      кеме роліне енгiзiлген шетелде орналасқан кемеге бару үшiн теңiзшілердiң Қазақстан Республикасынан жеке тәртiппен немесе топ құрамында шығуы үшiн - тiркеушi орган;
      теңiзшілердiң Қазақстан Республикасына кiруi үшiн - олар экипаж мүшелерi болған кеме капитаны.

      30. Қазақстан Республикасының азаматын шетел туын көтерiп жүзетiн кемеде жұмыс iстеу үшiн iссапарға жiберушi қазақстандық кеме иесi осы адамның кемедегi қызметтiк жағдайы туралы жазбаны теңiзшi паспортына енгiзу және кеме ролінен көшiрменi ресiмдеу үшiн тiркеуші органға оны iссапарға жiберу туралы бұйрықтың көшiрмесiн ұсынады.

      31. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан кемеге бара жатқан адамның теңiзшi паспортында ол бара жатқан кемедегi қызметтік жағдайы туралы жазба жасалады. Бұдан басқа, баратын мемлекет талаптарына байланысты теңiзшi паспортына шығу визасы қойылады немесе осы паспорт иесiнiң қолында шет мемлекеттің аумағына келу мақсатын растайтын басқа да құжаттар болуы тиiс.

      32. Қазақстан Республикасының азаматы экипаж мүшесi болып табылатын шетел туын көтерiп жүзетiн кемемен Қазақстан Республикасынан шығуы үшiн теңiзшi паспортында тiркеушi органда расталған осы кемедегі қызметтік жағдайы туралы жазба жасалады және кеме капитаны қол қойған кеме ролiне енгiзіледi.

      33. Теңiзшi паспорты бар адамдар келе жатқан көлiк түрiне қарамастан, Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен кезде шекаралық бақылау органдары теңiзшi паспорттарына шекараны кесiп өткен күнi және жерi туралы белгi жасайды.

      34. Теңiзшi паспортының иесiне теңiзшi паспорты бойынша паспорттың қолданылу мерзiмi шегiнде, сондай-ақ теңiзшi паспортының қолданылу мерзiмi аяқталған сәттен бастап Қазақстан Республикасына кiргенге дейiнгi кезеңде оның кеме бортында болғанын растайтын кеме ролiнен үзiндi көшiрме болған кезде, оның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр жыл iшiнде Қазақстан Республикасына кiруге рұқсат етіледi.
      Кеме ролінен мұндай үзіндi көшiрме болмаған кезде қолданылу мерзiмi өткен теңiзшi паспорты бар адам Қазақстан Республикасына кiрген кезде Қазақстан Республикасынан тысқары жерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе мерзiмi өткен құжаттармен Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген жалпыға бiрдей негіздерде шекаралық бақылаудан өтедi.

  5. Теңiзші паспортын сақтауға тапсыру. Сақтауға тапсырылған паспортты алу. Теңізші паспортын алып қою

      35. Теңiзшi паспорты шетелге жүзетiн қазақстандық кемелерде немесе шетел туын көтерiп жүзетiн кемелерде бүкiл жұмыс кезеңi iшінде оның иесiнде болады және мұндай жағдайларда бiр ай мерзiмде осы паспортты берген тiркеушi органға сақтауға тапсыруға жатады:
      паспорт иесi осы Ереженiң 2-тармағында көзделген алу үшiн негiздемелердi жоғалтқан;
      теңізші паспортының қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн;
      теңізші қайтыс болғанда.

      36. Шетелге жүзетiн қазақстандық кемеде қызметтiк тапсырманы орындау үшін iссапарға жiберiлетiн Қазақстан Республикасының азаматына берiлген теңізші паспорты iссапардан оралғаннан кейiн осы паспортты берген тiркеуші органға тапсырылады және iссапарға екiншi рет шыққан кезде беріледi.

      37. Теңiзшi паспортын сақтауға қабылдаған кезде оның иесiне осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледi. Теңiзшi паспортын сақтау оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн, бiрақ кемiнде екi жылда жүзеге асырылады.

      38. Теңiзшi паспортының иесi объективтiк себептермен паспортты оны берген тiркеушi органға тапсыру мүмкiндігі болмаған жекелеген жағдайларда теңiзшi паспорты басқа жақын жердегi тiркеушi органға тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы соңғысы бiр аптадан аспайтын мерзiмде осы паспортты берген тiркеушi органға хабарлайды.

      39. Теңiзшi паспортын берген тiркеушi орган паспорт иесi оны алу үшін негiздемелердi жоғалтқан жағдайда, жоғарыда көрсетілген негiздемелердi жоғалтқан күннен бастап бiр ай өткеннен кейiн, егер ол сақтауға тапсырылмаса және паспорт иесiнiң қазақстандық немесе шетелдiк кеме иесiнің кемесiнде жұмыс iстегенi туралы құжаттамалық растауы болмаса, теңiзшi паспортын алып қояды немесе бұқаралық ақпарат құралдарында оны жарамсыз деп жариялайды.

      40. Паспортты алу үшiн негiздемелердi жоғалтуына байланысты оны сақтауға тапсырған теңiзшi паспортының иесi оны алу үшiн негiздемелер жаңадан пайда болған кезде өз паспортын алады.

      41. Сақтаудағы теңiзшi паспортын алу үшiн оның иесi осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бередi.

      42. Әскери қызметке шақырылуына байланысты паспортын сақтауға тапсырған адамға теңiзшi паспортын беру Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарымен теңiзшi паспортын берудi қосымша келiскеннен кейiн жүргiзіледi.

      43. Теңiзшi паспортын алып қойған тiркеушi орган осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама бередi.
      Алып қойылған теңiзшi паспорты оны берген тiркеушi органға сақтауға жiберiледi және оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн сақталады.

  6. Теңiзші паспортын жоғалтқан жағдайдағы iс-әрекет

      44. Теңiзшi паспортын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жоғалтқан жағдайда оның иесi жеке өзi немесе кеме роліне енгiзiлген кеме капитаны арқылы жоғалу туралы кеме иесiне хабарлайды және Қазақстан Республикасының жақын жердегi шет елдегi мекемесiне паспортты жоғалтқан адамға Қазақстан Республикасына қайтуға куәлiк беру туралы өтiнiш жасайды.

      45. Теңiзші паспортын Қазақстан Республикасында жоғалтқан жағдайда, паспортты жоғалтқан адам паспортты жоғалту мән-жайлары көрсетiлген жазбаша өтiнiшпен тiркеушi органға өтiнiш жасайды.

      46. Әрбiр жоғалған теңiзшi паспорты туралы қазақстандық немесе шетелдiк кеме иесi телеграфтық немесе факсимильдiк байланыс құралдарын пайдалана отырып, паспорт иесінің тегiн, атын, әкесiнің атын, теңiзшi паспортының сериясы мен нөмiрін, оның қолданылу мерзiмiн және жоғалтқан жерiн көрсетiп, теңiзшi паспортын берген тiркеушi органға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, порттың шекаралық бақылау органына хабарлайды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған паспортты жарамсыз деп тану туралы хабарлама орналастырады.

      47. Паспорт иесi теңiзшi паспортын қазақстандық кеме иесiмен еңбек қатынастарында болмаған немесе шетелдiк кеме иесiмен еңбек шартын (келiсiм-шартты) өз бетiнше жасасқан кезеңде жоғалтқан жағдайда жоғалған теңiзшi паспортын жарамсыз деп жариялау жөнiндегi iс-әрекеттi осы теңiзшi паспортын берген тiркеушi орган жүзеге асырады.

  7. Теңiзші паспорттарын есепке алу және сақтау

      48. Теңiзшi паспорттары және олардың бланкiлерi, олардың негiзiнде теңiзшi паспорттары берiлген және олардың қолданылу мерзiмi ұзартылған құжаттар, сондай-ақ теңiзшi паспорттары бланкілерiнің қозғалысын бейнелейтiн құжаттар қатаң есептік құжаттары ретiнде есепке алуға және сақтауға жатады.

      49. Тiркеушi орган мыналарды есепке алуды жүзеге асырады:
      осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспорттарының таза бланкілерiнің кiрiсi мен шығысын;
      осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделген және берiлген теңiзшi паспорттарын;
      осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғалған теңiзшi паспорттарын;
      осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтауға қабылданған теңiзшi паспорттарын.

      50. Теңiзшi паспорттары мөрленетiн сейфтерде, басқа құжаттардан бөлек, мынадай тәртіппен сақталады:
      таза бланкілер - нөмiрлердiң ретi бойынша;
      сақтауға тапсырылған теңiзшi паспорттары иелерінің тегi бойынша әліпбилiк тәртiппен;
      жоюға жататындар - жоюға келiп түсу тәртiбiмен.

      51. Теңiзшi паспорттары мен оларды беру туралы құжаттары бар сейфтер орналасқан үй-жай басқа үй-жайлардан оқшауландырылады, сенiмдi түрде жабылады және жұмыс күнi аяқталған соң күзетуге тапсырылады.
      Сейфтер мен үй-жайлардың кiлттерi жұмыс күнi аяқталған соң сақтауға тапсырылады.

      52. Қолданылу мерзiмi өткен теңiзшi паспорттарын, олардың иелерi жою үшін тапсырған паспорттарды, сондай-ақ бүлiнген паспорттарды жоюды тiркеушi органның басшысы құрған комиссия жүзеге асырады.

      53. Теңiзшi паспорттарын жою туралы акт осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес жасалады, онда жойылған паспорттардың сериялары мен нөмiрлерi және осы паспорттарды берген тiркеушi органның атауы көрсетiледi. Актіге комиссия мүшелерi қол қояды және теңізшi паспорттарын жоятын тiркеушi органның басшысы бекiтеді.
      Теңiзшi паспорттарының жойылуы туралы теңiзшi паспорттарын беру немесе теңiзші паспорттары бланктерiнің кiрiсi мен шығысын есепке алу журналына белгi жасалады.
      Басқа тiркеушi органдар берген теңiзшi паспорттары жойылғаннан кейiн осы тiркеушi органдарға паспорттарды жою актiсiнен үзiндi көшiрмелер жiберiледi.

                               Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                               ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                             1-қосымша

(Сауалнама-өтініштi келiсуге жiберетiн ұйымның атауы мен мекен-жайы)
                                              _______________
                                             |     Суретке   |
                                             | арналған орын |
                                             | (сурет мөрмен |
                                             |куәландырылады)|
                                             |_______________|

N_____ ______

     ТЕҢIЗШІ ПАСПОРТЫН РЕСIМДЕУГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

1. Тегi, аты, әкесiнің аты ________________________________________
___________________________________________________________________
       (егер тегі, аты, әкесінің аты өзгертiлген болса, оларды,
             қашан және қайда өзгергендiгін көрсетіңiз)

2. Туған күнi, айы, жылы __________________ 3. Жынысы _____________
4. Туған жерi _____________________________________________________
                    (республика, облыс, аудан, елдi мекен)

5. Тұрғылықты тiркелген жерi ______________________________________
             (республика, облыс, аудан, көше, үй, пәтер, телефон)
___________________________________________________________________

6. Азаматтығы _____________________________________________________
7. Ұлты ___________________________________________________________
8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын
негiзгi құжат (паспорт):
сериясы ___________ нөмiрi ____________ _____жылғы "___"___________
_____________________________________________________________ бердi
                         (кiм берген)

9. Паспортты алу - алғаш рет, пайдаланғанның, бүлiнгеннiң,
жоғалғанның орнына (қажеттiсiнің астын сызу керек).

10. Теңізші паспортының қолданылу мерзiмiн ұзарту
сериясы ___________ нөмiрi ____________ _____жылғы "___"___________
___________________________________________________________ берген.
     (теңiзшi паспортын берген органды көрсету керек)
___________________________________________________ сақтауда жатыр.
 (теңiзші паспорты сақталатын жердi көрсету керек)

11. Жұмыс iстеген (оқыған, қызмет) кезеңде Сiзде мемлекеттiк
құпияларға рұқсатыңыз болды ма?
___________________________________________________________________
(егер бар болса, онда қай ұйымда, қай жылы, қандай рұқсат нысаны
бойынша)
___________________________________________________________________

Сiзде шетелге шығуға кедергi келтiретiн шарттық, келiсiм-шарттық
мiндеттемелеріңiз бар ма?
___________________________________________________________________
(eгep, бap болса, онда қандай ұйыммен және қай жылы ресiмделдi,
қандай мерзiмге)

12. Сiз әскери қызметке шақырылмайсыз ба?
___________________________________________________________________
           (18-ден 27 жасқа дейiнгi еркектер үшін)

13. Сiз қылмыс жасағаныңыз үшiн сотталған не айыпкер ретiнде
тартылған жоқсыз ба?
___________________________________________________________________

14. Сiз сот салған мiндеттемелердi орындаудан жалтарған жоқсыз ба?
___________________________________________________________________

15. Еңбек қызметi туралы еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме
(оқу орындарындағы оқуды және әскери қызметтi қоса алғанда)

айы мен жылы

лауазымы және жұмыс орны, қысқартусыз, әскери бөлімдердiң нөмiрлерi, әскер түрi

кәсіпорын, ұйым, әскери бөлім орналасқан жер (мекен-жайы)

қабылданды

босатылды





      Сауалнама-өтініште көрсетілген мәлiметтер Қазақстан
Республикасының аумағындағы қазақстан Республикасы азаматының жеке
басын куәландыратын негізгі құжатпен, әскери билетiмен және еңбек
кітапшасымен салыстырылып тексерілдi.

____ ж. "___"_________           __________________________________
                                     (ұйым немесе кадр аппараты
                                   басшысының қолы, тегі, телефоны)

16. Қазақстан Республикасының паспорты бар, сериясы _______________
нөмiрi __________ _____ ж."___"_________ ____________________берді.
                                             (кiм берген)

      Маған сауалнама-өтiніште жалған мәлiметтердi хабарлау немесе
жасанды құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген жауапкершілiкке әкелетiндiгі туралы ескертiлдi.

      ________ ж. "___"____________        ________________________
                                            (өтiніш иесiнiң қолы)

Құжаттар қабылданған күн: ____ ж. "____"____________
тiркеу нөмiрi ______________________________________

Сауалнама-өтініштi қабылдаған
лауазымды тұлғаның қолы, тегi _____________________________________

Теңізші паспорты ресiмделді, сериясы ______ нөмiрi ____
ресiмделген күнi ____________ ж. "____"________________

                                Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                               ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                             2-қосымша

         Кеме иесінің теңізші паспортын беруге арналған
                          N   ҰСЫНЫСЫ

___________________________________________________________________
      (теңiзші паспортын беруге құқығы бар органның басшысына)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                    (кеменiң атауы, кеме иесi)
___________________________________________ қызметiне тағайындалған
___________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
                       (туған күнi мен жерi)

бойы ______, көзінің түсi ________, айрықша белгiлерi _____________
__________ жыл (ай) мерзiмге теңiзші паспортын беруiңiздi сұраймын.

жұмыс opнының берілетіндігін растайтын құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Негiздеме: ________________________________________________________
____________________________________________ N ____________ бұйрығы
____________________________________      _________________________
 (ұсынысқа қол қойған тұлғаның қолы)               (қолы, тегі)

M.O.                                        ______ж. "___"_________

                     ТЕҢIЗШI ПАСПОРТЫ БЕРIЛДI

ҚР ҰҚК органымен келiсiлдi ____________ ____________ N ____________
ҚР ІІМ органымен келiсілдi _________________________ N ____________

Теңiзшi паспортының сериясы ______ N ______ ______ ж. "___"________
___________________________________________________________________
              (паспортты беру туралы шешім қабылдаған
                   тұлғаның лауазымы, тегi, қолы)

      ______ ж. "___"____________

Паспорттық топтың белгілерi

Теңiзші паспорты _________________________ дейінгі мерзімге берілді.
Паспорт ___________________________________________ дейін ұзартылды.
Теңізші паспорты N ______ журналда тiркелген реттік N _____________

                               Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                            3-қосымша

           Теңізші паспортын беру (ауыстыру) туралы
                           ӨТIНIШ

___________________________________________________________________
      (теңiзші паспортын беруге құқығы бар органның басшысына)

___________________________________________________________________
____________________________________________________ жұмыс iстейтін
(лауазымы, кеменің атауы, кеме иесі, жұмысы болмаса,
себебін көрсету керек)
___________________________________________________________________
                      (тегi, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
                       (туған күнi мен жерi)

бойы ____, көзінің түсi ________, айрықша белгілерi _______________

Дайындық деңгейiм мен денсаулық жағдайымның қажеттi талаптарға
сәйкестiгiн растау үшiн мынадай құжаттарды ұсынамын:
___________________________________________________________________
(ұсынылған құжаттарды, олардың нөмiрлерiн, қашан және кiм бергенiн
санамалаңыз)

______ж. "___"_________                  __________________________
                                                (қолы, тегi)

                     ТЕҢIЗШI ПАСПОРТЫ БЕРIЛДI

ҚР ҰҚК органымен келiсiлдi _________________________ N ____________
ҚР ІІМ органымен келiсілдi _________________________ N ____________

Теңiзшi паспортының сериясы ______ N ______ ______ ж. "___"________
___________________________________________________________________
              (паспортты беру туралы шешім қабылдаған
                   тұлғаның лауазымы, тегi, қолы)

      ______ ж. "___"____________

                    ПАСПОРТТЫҚ ТОПТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Теңiзші паспорты _________________________ дейінгі мерзімге берілді.
Паспорт ___________________________________________ дейін ұзартылды.
Теңізші паспорты N ______ журналда тiркелді реттік N _____________.

                               Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                            4-қосымша

      Теңізші паспорттарын беруді келісулерді есепке алу
                            ЖУРНАЛЫ

Р/с
N

Тегі, аты,
әкесінің
аты

Келісуге
жіберілген
күн

Келісілген
күні және
нөмірі

Азаматтық ҚР-дан шығу
құқығын уақытша
шектеулердің болуы
туралы мәліметтер

ҚР ҰҚК
орган-
дарымен

ҚР ІІМ
орган-
дарымен

шектеу
негіздемесі
(заң бабы)

шектеудің
аяқталған
күні

1

2

3

4

5

6

7

Ескертпе: Р/с N келісуге жіберілген сауалнама-өтініштің шығыс
нөмірі де болып табылады

                               Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                          5-қосымша

(мөртаңба)
шығ. N:__ ___

     Кеме иесінің кемедегі қызметтік жағдайы, теңізші паспортының
             қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы жазбаға
                                 ҰСЫНЫСЫ

____________________________________________________________________
 (теңізші паспортын бepуге, кемедегі қызметтiк жағдай туралы жазба
            жасауға құқығы бар органның басшысына)
_____________________________________________________ жұмыс iстейтiн
       (лауазымы, кеменің атауы, кеме иесi)
____________________________________________________________________
         (теңiзшi паспорты иесінің тегi, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________ тиесілі,
                    (туған күнi мен жерi)

сериясы ____N______ теңізші паспортына (-тарына) кемедегі қызметтік
жағдайы туралы жазбаны енгiзуiңiздi, қолданылу мерзiмiн
ұзартуыңызды  (қажетсiзiн сызып тастау керек)  сұраймын.

Паспорт ______________________________ жыл (ай) мерзiмге ұзартылсын.
    (қызметтiк жағдайы туралы жазба жазған кезде сызықша қойылады)

__________________                     ____________________
   (лауазымы)                               (қолы, тегi)
____ж. "___"______

М.О

                                Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                               ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                            6-қосымша

             Кемедегі қызметтiк жағдайы туралы жазба,
           паспорттың қолданылу мерзiмін ұзарту туралы
                              ӨТІНІШ

____________________________________________________________________
    (теңiзшi паспортын беруге құқығы бар органның басшысына)
____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)
сериясы _____N___ теңізші паспортына (-тарына) кемедегi қызметтiк
жағдайы туралы жазба енгiзуіңiздi, қолданылу мерзiмiн ұзартуыңызды 
(қажетсiзін сызып тастау керек)  сұраймын.

      Қазіргi уақытта_______________________________________________
                            (лауазымы, кеменiң атауы, кеме иесi)
______________________________________ ____________ жұмыс iстеймiн.

Шетелге жүзетін қазақстандық кемеде (шетел туын көтеріп жүзетін
кемеде) жұмыс iстейтіндiгiмдi растайтын құжаттар қоса беріліп отыр:
____________________________________________________________________
(қоса беріліп отырған құжаттарды, олардың нөмiрлерiн, қашан және
кiм бергенiн санамалау)
____________________________________________________________________

Паспорт _______________________________ жыл (ай) мерзiмге ұзартылды.
    (қызметтік жағдайы туралы жазба жазған кезде сызықша қойылады)

Менiң Қазақстан Республикасынан шығу құқығыма кедергi келтiретiн
негiздемелер жоқ.
____ж. "__" _______                   ______________________________
                                        (қолы, тегi, инициалдары)
 
Паспорттың қолданылу мерзiмi _____________________ дейiн ұзартылған
            (паспорттың қолданылу мерзiмін ұзартқанда толтырылады)

ҚР ҰҚК органымен келiсілдi_________________________N________________
ҚР ІІМ органымен келiсiлдi ________________________N________________
                  (келiсу қажет болмаған кезде сызықша қойылады)
____________________________________________________________________
  (паспорттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы шешім қабылдаған
       тұлғаның лауазымы, тегі, қолы)

____ж. "__" _______

                               Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                          7-қосымша

           Теңiзшi паспортын сақтауға қабылдау туралы
                            АНЫҚТАМА

____________________________________________________________________
                 (тегi, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                  (туған күнi мен жерi)
______________________________________________________________берген
             (теңiзші паспортын берген органның атауы)
____ж. "__" _______дейiн жарамды
сериясы ______ N______ теңiзшi паспорты

___________________________ сақтауға қабылданғандығы туралы берiлдi.
(паспортты сақтауға қабылдаған органның атауы)

теңізші паспортын мынадай себеппен сақтауға тапсырды:_______________
____________________________________________________________________
Сақтаудағы теңiзшi паспорты қазақстандық немесе шетелдiк кеме
иесiнiң кемесiне жұмысқа жалданғандығын растайтын құжаттарды
көрсеткен кезде берiлуге тиiс.

__________________                       _________________
 (лауазымы)                                 (қолы, тегi)

M.O.

                                Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                               ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                            8-қосымша

            Сақтаудағы теңізші паспортын беру туралы
                              ӨТIНIШ

____________________________________________________________________
      (теңiзші паспортын беруге құқығы бар органның басшысына)
_______ ____________________________________________________________
                 (лауазымы, кеме атауы, кеме иeci)
_____________________________________________________ жұмыс iстейтiн
____________________________________________________________________
                  (тегi, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                     (туған күнi мен жерi)

Сақтауға тапсырылған сериясы_____ N____ теңiзшi паспортын беруiңiздi сұраймын.

Сақтауға қабылданғаны туралы анықтама____жылғы "___"_____N__________
Менің шетелге жүзетiн қазақстандық кемедегi (шетел туын көтеріп
жүзетiн кемедегі)  (қажетсiзiн сызып тастау керек)  жұмысымды растайтын
құжаттар қоса берiліп отыр:
____________________________________________________________________
              (қоса беріліп отырған құжаттарды санамалау)
____________________________________________________________________

      Паспорт иесінің теңiзшi паспорты сақтауда тұрған
                 уақыттағы еңбек қызметi:

айы мен жылы

лауазымы және жұмыс орны қысқартусыз, әскери бөлімдердiң
нөмірлері, әскер түрі

кәсіпорын, ұйым, әскери бөлiм
орналасқан жер (мекен-жайы)

қабыл-
данды

босатылды





____ж. "__" _______                 ______________________________
                                      (қолы, тегi, инициалдары)

              ПАСПОРТТЫҚ ТОПТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

      Теңiзшi паспорты ____ ж. "__" _______берілді

__________________                       _________________
 (лауазымы)                                 (қолы, тегi)

                               Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                           9-қосымша

               Теңiзшi паспортын алып қою туралы
                             АНЫҚТАМА

____________________________________________________________________
                 (тегi, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
                  (туған күнi мен жерi)
_____жылғы "___"___________
______________________________________________________________берген
             (теңiзші паспортын берген органның атауы)
 
оған тиесілі___ж. "__" _______ дейiн жарамды
сериясы__________N_________теңiзшi паспорты
_____ж. "__"________ _______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________ негiздемелерi бойынша алынып қойылғандығы туралы берілдi.

__________________                       _________________
  (лауазымы)                                 (қолы. тегi)

M.O.

                              Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                          10-қосымша

   Теңізші паспорттары бланкілерінің кірісі мен шығысын есепке алу
                            ЖУРНАЛЫ

Р/с
N

Күні

Негіздеме

Келіп
түскені

Жұмсалғаны

Қалғаны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                              Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                          11-қосымша

                  Теңізші паспорттарын беру
                          ЖУРНАЛЫ

Р/с
N

Те-
ңіз-
ші
пас-
пор-
ты-
ның
се-
рия-
сы
мен
нө-
мірі

Бе-
ріл-
ген
күні

Те-
ңізші пас-
порты иесі-
нің
тегі,
аты,
әке-
сінің
аты

Лауа-
зымы,
кеме-
нің,
кеме
иесі-
нің
атауы

Беру
үшін
не-
гіз-
деме

Те-
ңізші
пас-
портын
алған-
дағы
қолхат

Пас-
портты
жою
немесе
оны
жарам-
сыз
деп
тану
туралы
акті-
нің
нөмірі
мен
күні

Қазақ-
стан
Рес-
публи-
касы
азама-
тының
жеке
басын
куә-
ланды-
ратын
құжат-
тың
нөмірі
және
(не-
месе)
се-
риясы

Қа-
шан
және
кім
бер-
ді

Ес-
керт-
пе












                              Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                          12-қосымша

             Жоғалған теңізші паспорттарын есепке алу
                            ЖУРНАЛЫ

Р/с
N

Теңізші паспор-
тының сериясы
мен
нөмірі

Паспорт
иесінің  тегі,
аты,
әкесі-
нің аты

Кеме
иесінің
лауазымы,
кеменің
атауы

Теңізші паспор-
тының жоғалған
күні,
орны
және
жоғалу
мән-
жайлары

Жоғал-
ғанның
орнына
паспорт
беру
туралы
шешім,
жаңа
теңізші
паспор-
тының
сериясы
және
(немесе)
нөмірі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

                              Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                          13-қосымша

   Сақтауға қабылданған теңізші паспорттарын есепке алу журналы
                          ЖУРНАЛЫ

Р/с
N

Күні

Негіздеме

Келіп
түскені

Берілгені

Қалғаны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                              Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң
                             паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн
                              ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесiне
                                           14-қосымша

                                              "Бекiтемiн"
                                          ______________________
                                          _______________басшысы
                                         (тiркеушi органның атауы)
                                          ______________________
                                                  (қолы)
                                          200__ ж. "__"_________

                   Теңізші паспортын жою туралы
                          АКТ N____

200__ ж. "__"_________

Бiз, төменде қол қоюшылар:__________________________________________
____________________________________________________________________
     (комиссия мүшелерінің лауазымы және Т.А.Ә. көрсетiледi)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
200__ ж. "__"_________бастап 200__ ж. "__"_________кезеңiнде
жарамсыз теңізші паспорттарын, теңізші паспорттарының бүлiнген
бланкілерiн жоюға осы актіні жасадық,
оның iшiнде:

P/c
N

Теңізші
паспортының
N мен сериясы

Иесiнiң
Т.А.Ә.

Теңізші паспортын
берген тіркеуші
органның атауы

Ескертпе

1





2





Бiздiң қатысуымызбен саны ___ дана құжат өртеу (ұсақтау және т.с.с.)
жолымен жойылды.

Комиссия мүшелерінің қолдары:         (қолы) ____________________
                                                  (тегi)