Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 1018 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1117 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттiк бiлiмдiк несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегі N 1018  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендiрудiң ережесiнде:
      мәтінде "Қаржы орталығы", "Қаржы орталығының", "Қаржы орталығына" деген сөздер тиiсiнше "Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)", "Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттің)", "Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ "пайдаланудың" деген сөзден кейiн "және оларды кейiннен қайтарудың" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта:
      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң (бұдан әрi - Қаржы орталығы) депозиттiк шоты" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) (бұдан әрi - сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "арқылы" деген сөзден кейін ", несиенi өтеу кестесiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-тармақтағы "хабарлама" деген сөз "куәлiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Сенiм бiлдiрiлген өкіл (агент) оқу аяқталғаннан кейiн қарыз алушыға мемлекеттік білім беру несиелерi бойынша нақты оқу кезеңiне берiлген несиенiң жалпы сомасы, оны қайтарудың шарттары мен мерзiмi туралы хабарламаны, несиенi өтеу кестесiн бередi, ал қарыз алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiлге (агентке) нақты тұратын және/немесе тiркелген жерi, жұмысқа орналасқан жерi, кепiлдiк берушiнiң кiрiстерi туралы мәлiметтер бередi.";
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Қарыз алушыны басқа оқу нысанына ауыстырған кезде, сондай-ақ студенттер мемлекеттiк бiлiм беру несиесi негiзiнде оқу құқығынан бас тартқан жағдайда мемлекеттiк бiлiм беру несиесiн алу құқығын беру туралы куәлiк жарамсыз деп танылады.";
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Науқастануына не мемлекеттiк білiм беру гранттары бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.
      Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен не өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы оқуды тоқтатқан күннен бастап бiр жыл iшiнде оның оқуына жұмсалған соманы қайтарады.
      Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда берiлген несие сомасын өтеу жөнiндегi мiндеттемелер кепiлдiк берушiге жүктеледi. Несиенi қайтару мерзiмi үш жақты несие келiсiмiнде көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Несиенi өтеу берілген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      Қарыз алушы оқу бiтiргеннен кейiн мерзiмдi әскери қызметке шақырылған не қарыз алушы жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскен жағдайда несиенi өтеу әскери қызметтен өту және оқу кезеңiне, бiрақ екi жылдан аспайтын кезеңге тоқтатылады, бұл ретте несиенi өтеу кестесi несиенi өтеу мерзiмiн өзгертусiз түзетуге жатады. Төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру үшiн қарыз алушы Сенiм бiлдiрілген өкілге (агентке) армияға шақырылғандығын немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi оқуға түскендігін растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтiнiш беруi қажет.";
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "31. Науқастануына не мемлекеттiк білiм беру гранты бойынша оқуға ауысуына байланысты қарыз алушы оқуын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан жағдайда қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын осы Ереженiң 5-тармағында көзделген тәртiппен қайтарады.
      Қарыз алушы оқуын дәлелсiз сипаттағы себептермен немесе өз еркiмен тоқтатқан кезде қарыз алушы берiлген студенттiк несие сомасын оқуды тоқтатқан күннен бастап бiр жыл iшiнде қайтарады.
      Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда берiлген несиенi қайтару жөнiндегi мiндеттемелер кепiлдiк берушiге жүктеледi. Несиенi қайтару мерзiмi үш жақты несие келiсiмiнде көрсетiлген мерзiмнен аспауы тиiс. Несиенi өтеу берілген өтеу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 36-тармақпен толықтырылсын:
      "36. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) Қазақстан Республикасы Көшi-қон полициясының қызметтерiмен (бұдан әрi - көшi-қон полициясы) келiсiм бойынша оларға Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) алдында мемлекеттiк бiлiм беру және мемлекеттiк студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтардың тiзiмiн бередi. Мемлекеттiк бiлiм беру және мемлекеттiк студенттiк несиелер бойынша берешегi бар азаматтар көшi-қон полициясына елден тысқары шығу мақсатымен өтiнiш жасаған жағдайда, көшi-қон полициясы Сенiм бiлдiрiлген өкiлдi (агенттi) әрбiр жағдай бойынша жеке хабардар етедi.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі