Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 31 қазандағы N 1086 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Экологиялық аудиторлық қызметтi лицензиялаудың және жүргiзудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 тамыздағы N 889  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 30, 413-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыптағы және 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "экологиялық аудиторлық қызметті" деген сөздер "экологиялық аудитті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесінің болуы (тиiсті лицензияны қоса бере отырып);";
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) аттестациядан өткенін растайтын құжат;";
      2-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қоршаған ортаны қорғау саласында кемiнде 3 жыл, оның iшiнде табиғатты қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптама саласында кемiнде бір жыл жұмыс тәжiрибесiнiң (тиiстi лицензияны қоса бере отырып), экологиялық аудиторлардың бiлiктiлiк куәлiктерiнің және осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн екі маманның болуы;";
      2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Экологиялық аудиторлық қызметті жүргізу ережесінде:
      тақырыптағы "экологиялық аудиторлық қызметті" деген сөздер "экологиялық аудитті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "жеке экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың қызмет" деген сөздер "экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың экологиялық аудит жүргiзу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мiндеттi экологиялық аудит және бастамашылық экологиялық  аудит экологиялық аудит түрлерi болып табылады.";
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган мiндеттi экологиялық аудит жүргізу туралы шешiм қабылдайды.
      2-2. Бастамашылық экологиялық аудит аудиттелетiн субъектiнің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен экологиялық аудитор немесе экологиялық аудиторлық ұйым арасындағы экологиялық аудит жүргiзуге арналған шартта көзделген экологиялық аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескеріле отырып жүргiзіледі.";
      2-тараудың тақырыбындағы "енгізу" деген сөз "жүргiзу" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) аудит жүргiзу жоспарын жасау;";
      4-тармақта:
      бiрiншi абзацта:
      "адам" деген сөз "субъект" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "аудиттi орындаушыға" деген сөздер "аудиторға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi абзацтағы "тапсырушыны" деген сөз "экологиялық аудит тапсырысшысын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Экологиялық аудит экологиялық аудитор жасайтын және тапсырысшымен және аудиттелетiн субъектiмен келiсiлетiн экологиялық аудит жүргiзу жоспарына сәйкес жүргiзiледi.";
      6-тармақ алынып тасталсын;
      7-тармақтағы "аудиторлық есеп", "аудиторлық есепке", "аудиторлық есебiне", "Аудиторлық есепте" деген сөздер "экологиялық аудиторлық есеп", "экологиялық аудиторлық есепке", "экологиялық аудиторлық есебiне", "Экологиялық аудиторлық есепте" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Экологиялық аудиторлық есеп болып ресiмделетін мiндетті экологиялық аудит нәтижелері бір ай мерзімнен кешiктiрiлмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етіледi.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі