Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) (күші жойылды - 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қауылысымен.
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Мемлекеттiк кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттiк нөмірi 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"13. А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы".
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі