Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 665 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 қазандағы N 1014 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

Күшін жойған

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуiрдегі Кеден кодексiнiң  8-бабының  2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 665  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 27, 342-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтағы "15 қазан" деген сөздер "31 желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулыны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгі белгіленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзiмi ұзартылғандығы туралы хабардар етсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Peспубликасының
      Премьeр-Министрі