1. "Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 18 қазандағы N 1288
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 411-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
тақырыбындағы "туралы ереженi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күші бар
Жарлығын
" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы
Заңын
" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "туралы Ереже" деген сөздер "epeжeci" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттiк сараптау туралы ережеде:
мәтiндегi "Бекiтiлген" деген сөздiң мемлекеттік тілдегi нұсқасы өзгерiссiз қалады;
тақырыбындағы "туралы ереже" деген сөздер "epeжecі" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ алынып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Жер қойнауын мемлекеттік сараптауды Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия (бұдан әрі - ҚМК) жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2, 9-3-тармақтармен толықтырылсын:
"9-1. Жер қойнауын пайдалануға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға жер қойнауын геологиялық зерделеу және игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды есеп нысанында ҚМК-ның қарауына ұсынады.
9-2. Сараптама тәуелсiз сарапшылар мен сарапшы топтар тартыла отырып, материалдар ҚМК-ға ұсынылған сәттен бастап үш айға дейiнгi мерзiмде жүргiзіледi.
9-3. Егер ҚМК терiс қорытынды берген жағдайда жер қойнауын пайдаланушының ҚМК-нің хаттамасында жазылған ескертулер мен ұсынымдарды ескере отырып, оларды қайта өңдеу шартымен, материалдарды қайталама сараптамаға беруге құқығы бap.";
11-тармақтағы "жер қойнауын пайдалану және қорғау" деген сөздер "геология және жер қойнауын пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы "немесе ПҚАК" деген сөздер алынып тасталсын, "қорларды санаттар бойынша бөлу," деген сөздерден кейiн "қатты пайдалы қазбалардың көлемi мен оны тәжiрибелiк пайдалану мерзiмi" деген сөздермен толықтырылсын.