Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 929 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2006.08.18.  N 785  қаулысымен.

      1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2006.08.18.  N 785  қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

      3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
      2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген бөлiмде:
      реттік нөмiрi 470-5-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмiрi 470-8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"470-8  "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-
        техникалық ақпарат орталығы" республикалық
        мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу
        құқығында)                                  Алматы қаласы";

      2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлiмде:
      реттік нөмiрi 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "72. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы";
      реттік нөмiрi 73-жол алынып тасталсын;

      3) "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат):
      3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртiбiнде:
      мәтiн бойынша "САҒТО" деген аббревиатура "ҚР ҰҒТАО" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынға  - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - САҒТО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" (бұдан әрi - ҚР ҰҒТАО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2005 жылғы 20 қыркүйектегі 
N 929 қаулысына      
қосымша          

       Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің  2006.08.18.  N 785  қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі

      1. "Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат         Астана қаласы
      орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны

      2. "Республикалық ғылыми-техникалық          Алматы қаласы
      кітапхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
      және оның филиалдары