Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары және "Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхана" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қосу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.08.18. N 785 қаулысымен.
1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.18. N 785 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi мәнi ғылым саласындағы өндiрiстік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетіне Кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынсын;
2) Кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешімдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi 72-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы";
реттік нөмiрi 73-жол алынып тасталсын;
3) "Қазақстан Республикасында жүргiзiлетін, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттік құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы N 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 8, 51-құжат):
3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік ғылыми мекеме - Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасында басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттік тiркеудiң тәртiбiнде:
мәтiн бойынша "САҒТО" деген аббревиатура "ҚР ҰҒТАО" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорынға - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінің Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығына (бұдан әрi - САҒТО)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" (бұдан әрi - ҚР ҰҒТАО) шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 20 қыркүйектегі
N 929 қаулысына
қосымша
Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.08.18. N 785 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат
орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік
кәсіпорындардың тізбесі
1. "Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы
орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
2. "Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы
кітапхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны
және оның филиалдары