1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354
қаулысында
:
көрсетiлген қаулыға
214-1-қосымшада
:
6-тармақ кестесiнің 5-бағанында:
"9 халыққа қызмет көрсету орталықтарын" деген сөздер "4 халыққа қызмет көрсету орталықтарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жөндеу" деген сөзден кейін "және қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын;
"(Компьютерлер - 270 бiрлiк, принтерлер - 243 бiрлiк, үздiксіз қуаттандыру көздерi - 9 бiрлiк), серверлiк және желiлiк жабдықтар - 20 бiрлiк, ауа баптағыштар - 36 бiрлiк, көшiрме аппараттары - 36 бiрлiк, 9 шағын ATC, бағдарламалық өнiмдер" деген сөздер "(компьютерлер - 180 бiрлiк, принтерлер - 186 бiрлiк, үздiксiз қоректендіру көздерi - 6 бiрлiк), серверлiк және желілік жабдықтар - 26 бiрлiк, кондиционерлер - 16 бiрлiк, көшiру аппараттары - 16 бiрлiк, 4 шағын АТС, бағдарламалық өнiмдер, халыққа қызмет көрсетудi оңтайландыру және есепке алу цифрлық жүйесi - 2 бiрлiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы
Жолдауын
iске асыру жөнiндегi жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде:
реттiк нөмiрi 57-жолдың 2-бағанында "О.И.Жұмабеков" деген сөздер "З.Я.Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда:
реттiк нөмiрлерi 57.2, 57.8, 57.12-жолдардағы "3" және "6" деген сандар "2" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрлерi 57.9, 57.10, 57.11-жолдардағы "И.Д.Меркель" деген сөздер "Р.Ж.Мұқашев" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 57.12-жолдағы "О.И.Жұмабеков" деген сөздер "З.Я.Балиева" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 мамырдағы N 501
қаулысында
:
Астана және Алматы қалаларындағы "жалғыз терезе" қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесiнде:
2-тармақтың 2), 3), 4), 5) тармақшалары алынып тасталсын.