Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.05. N 1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен бекiтiлген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегi жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнiң 57.6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi - орталықтар) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету ұйымдастырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.01.05. N 1 қаулысымен.
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1264 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет, Қаржы, Iшкi iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару, Ақпараттандыру және байланыс агенттiктерi орталықтарды ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеуi жөнiндегi өзара iс-қимыл туралы бірлескен бұйрық әзiрлесiн және бекiтсiн.
4. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 24 мамырдағы
N 501 қаулысына қосымша
Астана және Алматы қалаларындағы "жалғыз терезе"
қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.08. 906 қаулысымен.
1. Астана қаласы бойынша:
1) Алматы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
2) Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.
2. Алматы қаласы бойынша:
1) Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы;
2) (алынып тасталды)
3) (алынып тасталды)
4) (алынып тасталды)
5) (алынып тасталды)
6) Түрiксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы.